Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер үшін негізгі хабарламалар мен ұсыныстар 1. Балаларды жалған ақпараттан қорғау үшін барлық шараларды қолданыңыз -
COVID-
19 туралы ЮНИСЕФ, ДДСҰ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ ҚДҰО және
оның Филиалы СЭЭМ ҒПО арнайы дереккөздеріндегі деректерді пайдалана отырып
хабардар етіңіз:
https://hls.kz
және
http://rk-ncph.kz
-
интернет кеңістігінде адамдар бөлісетін жалған ақпараттардан сақ болыңыз, соның ішінде
балалар арасында фэйк ақпараттарының тарап кетпеуіне көңіл бөліңіз!
2. Медицина қызметкерімен бірге: -
балалар мен олардың ата-аналарына арналған сұрақтар мен жауаптарының тізбегін
жасаңыз;
-
балалардың сұрақтарына дер кезінде жауап беруді әдетке айналдырыңыз;
-
қажетті материалды балалардың дұрыс қабылдауына және дұрыс түсінуі
мақсатында балалар үшін ыңғайлы және түсінікті болатындай етіп дайындаңыз;
-
КВЖ таралуы мен алдын-алу туралы қол жетімді және жаңартылған деректерді
пайдаланыңыз және оларды жарнамалық тақтада (сыныптарда, мектептің қоғамдық
орындарында) орналастыруға болатын плакаттар / буклеттер жасауға қолданыңыз