Білім беру бағдарламасы МҰҒалімнің ЖҰмыс дәптері



Pdf көрінісі
бет2/72
Дата07.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#90301
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
56523ed5-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b2 МұғалімніңЖұмысДәптері Тарих

 
 


Түсініктеме жазбасы 
 
Мұалімнің жұмыс дәптері «Мұғалімге арналған нұсқаулық» құралына қосымша 
әдістемелік құрал болып табылады. 
Жұмыс дәптеріне мұғалімдер біліктілікті арттыру курсы барысында зерделейтін және 
одан әрі әріптестерін үйрету тәжірибесінде қолдануға арналған тапсырмалар кіреді. 
Тапсырмалар курстың оқу жоспарына сәйкес жасалған және бөлім/ортақ тақырып, тоқсан 
бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды талдау, бағалау, сондай-ақ оларды 
өз бетінше әзірлеу және сараптау дағдысын қалыптастыруға бағытталған; курс мазмұнын 
тыңдаушылардың өз бетінше меңгеруіне септігін тигізеді.
Жұмыс дәптері сабақтың мазмұнын ашуға көмектесетін түрлі мазмұнды 
материалдардан тұрады: ақпараттық («Мұғалімге арналған нұсқаулық» әдістемелік 
құралында берілген материалмен танысу және талдау), тәжірибелік (тапсырманы орындау 
және өз тәжірибесінде пайдалану туралы ойлану, қорытынды жасау) және бағалау 
құралдары (өзін-өзі бағалау, сабақтың тақырыбы немесе тапсырманың мазмұны бойынша 
рефлексия жасау). 
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар «жеңілден күрделіге», «теориядан тәжірибеге» 
және керісінше, «тәжірибеден теорияға» қағидаттары бойынша құрастырылған. 
Материалды қабылдауды және кең ауқымда кешенді түсінуді оңайлату мақсатында сурет, 
сызба, кестелер қолданылған. 
Әр тапсырманың соңында тыңдаушының өз ойын, жауабын жазуға арналған бос 
орын бар, сондай-ақ осы жерде тыңдаушының орындалған тапсырманы түзету және 
жетілдіру мүмкіндігі бар. Бұл сабақ тақырыбы бойынша игерген білімді жүйелеуге 
мүмкіндік береді. Тапсырмалар шиыршық қағидаты бойынша құрастырылған: сабақтан 
сабаққа алға ілгерілеген сайын алдыңғы материалды қайталау арқылы курс материалы 
күрделене түседі. Әр сабақтың оқу мақсаты белгіленіп, күтілетін нәтижеге қол жеткізуге 
қатысты рефлексия жасалады. Тыңдаушылардың психологиялық тұрғыда жайлы ортада 
(оқу ортасы) жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған (тапсырманы жеке, жұпта, шағын 
топта орындау, әріптестердің бір-біріне ауызша/жазбаша кері байланыс ұсынуы, т.с.с.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет