кабинеті.
3.29.1 Бейнелеу өнері және сызу кабинетінің жарақтандырылуы:
1) кабинет сумен (ыстық және суық) қамтамасыз етілуі тиіс, қол жуу
шұңғылшасы есікке таяу орналастырылады;
2) тақта және тақтаның астында сызу құралдары;
3) оқу және сурет салуға арналған құралдарды сақтауға арналған шкафтар;
4) сурет салуға арналған мольберттер;
5) натюрморттарға арналған сөрелер.
3.29.2 Бейнелеу өнері және сызу кабинетінің оқу-әдістемелік құралдары:
1) оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалық әдебиеттер (картотекамен);
2) натюрморттарға арналған заттардың муляждары;
3) геометриялық фигуралар, демонстрациялық материалдар.
3.30
Технология кабинеті.
3.30.1
Технология кабинетінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі:
1)
оқу-әдістемелік
кешендер,
дидактикалық
материалдар,
тест
тапсырмалары, бақылау жұмыстарының жиынтығы;
37
2) оқуға қажетті кестелер, сызбанұсқалар, суреттер;
3) анықтамалар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, ғылыми-әдістемелік
құралдар;
4) практикалық және өздік жұмыстардың үлгілері;
5) жеке, топтық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған үлестірмелі
материалдар жиынтығы;
6) оқушылардың білімін және білігін тексеруге арналған тапсырмалар
жинағы.
3.31
Алғашқы әскери дайындық кабинеті.
1) «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің нысандары», «Тактикалық
дайындық», «Саптық дайындық», «Әскери топография», «Азаматтық
қорғаныс» және т.б. стенділер;
2) оқу құралдары: графикалық көрнекі құралдар, жарғылар, жер бедерінің
макеттері, атқыш құралдар;
3)
Алғашқы әскери дайындық кабинетінде келесі құжаттар болуы қажет:
– жалпыәскерлік жарғының жинақтары;
– Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызметінің
жарғылары;
– Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және
қарауылдық қызметінің, тәртіп және әскери саптық жарғылары;
– атқыш ісі бойынша нұсқау;
– жастардың алғашқы әскери дайындығының бағдарламалары, оқу-
материалдық базаны және жабдықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар;
– бастапқы әскери дайындық бойынша оқулықтар;
– әскери топография, азаматтық қорғаныс және медициналық-санитарлық
дайындық бойынша оқулықтар.
|