194
Сондықтан ойлау және практикалық әрекеттерге шақыратын белсенді оқыту әдістерін пайдалану
адамның маңызды интеллектуалдық сапаларын дамытуға мүмкіндік береді. Ал бұл сапалар өз кезегінде
білім алушылардың бұдан әрі білімді игерудегі және алынған білімді тәжірибеде пайдалану белсенділік-
терін қамтамасыз етеді [4].
Біздің инновациялық тәсіл оқытушылардың жоғары сапалық деңгейіне арқа сүйейді, яғни олар
тек пікірлес болып қана қоймай, сонымен бірге инновациялық оқыту мен инновациялық тәрбиеден
тұратын инновациялық білім берудің мәндік мазмұнын терең түсінулері тиіс.
Инновациялық дәріс – дәріс мазмұнына инновацияны ендіруді бейнелейтін ұғым. Педагогикалық
тәжірибеде оқу дәрістерінің инновациялық түрінің алуан түрі бар: дәріс-әңгіме (семинар), дәріс-интервью,
дәріс-кеңес, дәріс-видеотренинг, проблемалық дәріс және т.б.
Интерактивтілік оқыту үрдісінде студенттерге сабаққа белсенді араласуға (сұрақтар қою, күрделі
бөлімдер бойынша дәл және қолжетімді түсініктер алу) мүмкіндік береді, ал мультимедия-технологияны
пайдалану студенттер назарын материал мазмұнына едәуір белсендіреді және жаңа тақырыпқа қызығу-
шылықтарын арттырады. Сонымен бірге, оның оқу үрдісіндегі рөлі өзгереді. Оқытушы назарын оқу
материалының едәуір күрделі бөліктеріне аударып, дәрісті оқу уақытын тиімді пайдаланады. Осылайша,
оқу үрдісінде бір мезгілде педагог пен компьютерді пайдалану оқыту үрдісін белсендіруге мүмкін-
дік береді. Оқытылып отырған пәнге студенттердің қызығушылықтарын және оқу үрдісінің тиімділігін
арттырады. Ал бұл өз кезегінде білім беру сапасын жақсартады.
Инновациялық ойындар кешенді міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: жаңа білімді игеру, кәсіби
пәндерді оқыту барысында алынған білімдерді бекіту, шығармашылық қабілеттерді дамыту, кәсіби білік-
тіліктерді қалыптастыру, оқу материалын түрлі бағытта оқып-үйрену. Бұл едәуір көп еңбекті қажет ететін
оқытудың тиімді түрі. Өткізілген ойынның маңызды қорытындысы студенттердің алған практикалық
біліктіліктері болып табылады.
Біз инновациялық оқу үрдісін ұйымдастыру мен педагогикалық қамтамасыз етудің кейбір иннова-
циялық технологияларына тоқталдық. Студентті инновациялық дамыту – үздіксіз, динамикалы, оқыту-
шыдан ұдайы ой еңбегін талап ететін үрдіс. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір білім алушы-
ның өз бетімен оқып-үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай
алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын
сабақта қолдану олардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: