Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет422/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   565
Байланысты:
2

 
Keywords:
modernism, ecology, nature, «Last Liability». 
 
Дәстүрлі әдебиеттегі табиғат суреттері туындының көркемдік кеңістігінің құрамдас бөлігі екендігі 
белгілі. Көркем туындыдағы пейзаждық суреттемелердің қызметі сан алуан: композициялық құрылымнан
қаһарманның рухани күйін танытатын кеңістік пен субъект арасындағы байланыс – психологиялық 
паралеллизмге дейін автордың эстетикалық талғамы мен әдеби мақсатына орай шебер пайдаланылып 
отыратын-ды. Алайда, адамзат өркениетінің урбанизация мен индустриализацияға негізделген даму 
сипаты әдебиеттегі табиғат мәселесін шығарманың композициялық құрылымында ғана емес, тақырып-
тық-идеялық деңгейінде сөз етуге мәжбүр етті. Адам мен табиғат арасындағы күрделі қарым-қатынас 
тарихын таным тарихынан бөліп алып бөлек қарастыруға келмейді. Адамзаттың өркениетті даму 
тарихында табиғатқа деген көзқарас дәуірлер тудырған канондар пайымдарға сәйкес өзгеріп отырғаны 
белгілі. Адам мен табиғат арасындағы қатынас біріншісінің сана дамуының нәтижесі ретінде философия-
лық тұжырымдар ретінде тіркеліп отырды. Табиғат қай кезде де таным нысаны ретінде қарастырылған. 
Антикалық кезеңдерден біздің дәуірімізге дейін біз табиғатты әрқилы түсіндік: қорқынышты күштер 
ретінде таныдық, мадақтадық, пір тұттық, бағындыруға тырыстық. Адам үшін табиғат қашан да қызықты 
да тылсым таным нысаны. Қазіргі адамзат қоғамының өкілдері, біздер, табиғаттан басқа мекеннің жоқ 
екенін түсіндік, оны бағындырудың орасан зардабын көрдік. Табиғи-экологиялық процестердегі баланс-
тың бұзылуы адам мен табиғат арасына модернистік қарам қатынастың қажеттілігін көрсетті. Бүгінгі 
адам тұтынушылық қажеттіліктерден туындайтын табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық апат-
катастрофа ұласып бара жатқанын түсінді. Бүгінгі адам армагедон-ақырзаманға ұласатын экологиялық 
апат-катастрофаның өзіне ғана емес, жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіретінін ұғынды. 
Бүгінгі адам ортақ тұжырымдар мен конвенциялар арқылы әлемдегі экобаланстың сақталуын жанталаса 


293 
қамтамасыз етуге кірісті. Қазіргі экожүйенің құқықтық мәртебесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас 
Ассамблеясының «Біз қалайтын болашақ» атты құжат-тұжырымында: «Мы признаем, что планета Земля 
и ее экосистемы – это наш дом и что выражение «Мать-Земля» широко распространено в ряде стран и 
регионов, и отмечаем, что ряд стран признают права природы в контексте поощрения устойчивого 
развития. Мы убеждены в том, что для обеспечения правильного баланса между экономическими, 
социальными и экологическими потребностями нынешнего и будущих поколений необходимо 
постараться достичь гармонии с природой» - деп анықталған [1].
Әлемдік қауымдастықтар қоршаған ортаны сақтау туралы қарарлы шешімдер қабылдап жатқан 
тұста, экологиялық апат пен оның зардаптары әдебиет әлемінің проблематикасынан тысқары тұрмады. 
Адам мен табиғат арасындағы керағар күрес тақырыбы көркем ойдың дамуындағы белесті кезең болып 
көрінді. Табиғатқа еліктеуді эстетикалық категория (мимесис) санайтын әуел бастағы сөз өнері ХХ 
ғасырдың жасампаз тіршілігінде қоршаған ортаның адам әрекетіне деген үнсіз қарсылығын бірінші 
болып сезінді. Сол үнсіз қарсылықты «Человек какое-то изделие рук в своих руках держит, а в нем 
обязательно что-то от природы позаимствовано: щепка какая-нибудь, либо камешек, либо металла малый 
кусочек. Без природы, без такого заимствования человек не встанет, не сядет, шага не шагнет, только вот 
он об этом редко-редко когда припомнит. А ведь все это по отношению к природе «груз-200». Эту же 
привычку человек перенес и на самого себя: самого себя он превращает в «груз-200». Это – запросто» - 
деген де сөз өнерінің майталмандары болатын [2].
Адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтың бастауы, адам танымындағы өзгерістерде 
жатыр. Адам танымы ағартушылық пен рационализмге бой алдырған кезеңдерден философиялық 
пайымдағы модернизм бастау алады десек, дәл осы пайымның болашақ және алғашқы құрбаны табиғат 
пен қоршаған орта болды. Кортезиандық танымның жеңісі болмысты дуалистік екі лагерге бөліп, 
табиғатты адам ақылына табындыруға тырысты. Табиғатты табындыруға талпынған таным қарқынды 
дамыды да, ХІХ ғасыр философиясында «Жануар өзін ғана жасайды, ал адам бүкіл табиғатты жасайды, 
жануардың нәтижесі оның физикалық ағзасымен тікелей байланысты болады. Адам табиғатты өзгертіп, 
оның материалдарынан өзінің ерекше әлемін, мәдениет әлемін жасайды», - деп түрлене түсті [3, 204]. Бұл 
философилық тезис ХХ ғасырдағы әдебиет айдынында «Адамға табын жер енді» (О.Сүлейменов, 1961) 
болып түзілді.
Кең мағынасында алғанда Модернити кезеңінің, Модернизмнің басты философиялық тезистері 
өзіне дейінгі архаика саналған коғам құндылықтарына деген антитезистік сипатымен ерекшеленетіні 
белгілі. Өткенге антитезис түзу үдерісі модерндік дүниетанымның өз бастауларын да шарпыды. 
Модернизмнің өз бастауларына да күмән танытуы ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында орын алды. 
Дәл осы кезеңдердегі әдеби өнер табиғаттың тылсым сұлулығын суреттеуден гөрі адам мен табиғаттың 
байланысын, экожүйе ретіндегі үйлесімін саралауға басымдық берді. Бұл басымдық әдебиет әлемінде 
табиғат пен оның «Homo Sapiens» деп аталатын төл туындысы – саналы адамның қарым қатынасы жайлы
соны философиялық пайымдаулар, эстетикалық, әлеуметтік көзқарастар қалыптастырды.
Сөз өнері, әрине, табиғатты тану туралы ғылым емес, алайда қай ағымдағы болсын әдебиеттің 
объектісі – өмір, предметі – адам екендігін ескерсек, өнер атаулыға ортақ мазмұн – «адамның ойы,
арманы, құштарлығы, мұраты; өнер туындысының қандай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, 
қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын ғана баяндап жатады. Кез келген әдеби шығарманың 
бетін ашсақ болғаны, іздеп табарымыз, тауып толғанарымыз – адам тағдыры, адамгершілік сыры» [4, 166] 
екендігі ашылады. Ал экологиялық апатпен арпалысқан адамның ой-арманы мен арман-мұраты өзгеше 
мүсінделері хақ. Адамзат өркениетінің Табиғат Анаға деген қысастығын көрген адам қоғамнан жерініп, 
кісікиіктеніп кетуі де заңды құбылыс санатында қабылданады.
Қазақ топырағындағы апатты аймақ адамының тағдырын табиғат тағдырымен бірге қарастырған 
кесек туынды – жазушы Әбдіжәмил Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» роман-дилогиясы. Алғашқы әдеби 
дебютін соғыс тақырыбындағы «Курляндия» романынан бастаған Әбдіжамил Нұрпейісов шығарашылы-
ғының басты нысаны туған жері – Арал аймағындағы адам тағдырымен байланысты айқындалып келеді. 
Жазушының шығармашылық жолы мен Арал тағдырының арасында да әсем бір паралель түзілгендей. 
Алып теңіздің аласұра буырқанған жылдарында жазушы қаламынан «Қан мен тер» сынды трилогия туса, 
қазыналы өңірдің экологиялық апатты жылдарында жазушының жанайқайы «Соңғы парыз» болып 
көрініп, қаламгерлік қарымға тоқтау салынды. «Соңғы парыз» роман-дилогиясы – жазушы шығармашы-
лығының есептік межесі. Аталған шығарма ең алғаш рет басылым бетінде 1983 жылдан жарияланса да, 
жазушының ширек ғасырлық жанкешті еңбегі осы шығараны экологиялық тақырыптағы әлемдік 
классикаға айналдырды.


294 
Роман-дилогиядағы оқиғалардың негізгі орны мен уақыты Арал аймағындағы арпалысқа толы бір 
күн мен бір түнді қамтиды. Автор көркемдік уақыт тұрғысынан шығарманың кульминациялық кезеңін 
(бір күн, бір түн) өзектей отырып, шиеленісті сәттің логикалық бастауларын ретроспективті ой оралым-
дары арқылы тарқатады. Апатты аймақ тағдыры шығарманың өн бойындағы композициялық шиеленіске 
себеп болып отырады. Жәдігер мен Әзім арасындағы мінез бен дүниетаным қайшылығы да табиғатқа 
деген көзқарастан туындайды. Көркемдік кеңістіктің барынша жұтаңдығы мен осы пейзаждық фон 
кейіпкерлердің мінез әлемімен барынша үйлес. Роман-дилогиядағы негізгі идеялық полюстер бала кезден 
бірге өскен қос кейіпкер Жәдігер мен Әзім арасында өрбиді. Модернизм деп аталатын философиялық 
дүниетанымға тән белгілер шығарманың баяндау сипаты мен құрылымынан, идеялық пайымынан көрініс 
береді. Модернистік дүниетанымның идеялық күретамыры шығармадағы басты әрекет иесі (ой елегінің 
иесі) Жәдігердің кейіпкерлік болмысын айқындайды. Жәдігер – жоғары білімін Алматыда алып, туған 
жерінің еңбек майданына араласуға барған мамандық иесі. Қайын енесінің сөзімен айтқанда, «дипломды 
балықшы». Жұбайы – Бәкизат, бала кезден бірге өскен, кейіннен арасы суыған досы – Әзім. Шығарма 
осы үш кейіпкердің арасындағы қарым-қатынастан туындайтын желіге құрылған. Жалаң, сыдыртып 
оқыған сырт көзге бірінші түсетін образ ашушы конфликт осы үштік арасында өткендей көрінгенмен, 
Жәдігердің ретроспективалық сюжеттердегі құбылыстары шығарманың конфликт тудырушы элементтің 
кейіпкердің ішкі әлемінде екендігін айқындайды. Шығармадағы кейіпкерлерді шартты түрде екі топ-
лагерге топтастыруға болатындай. Олардың бір тобы үйлесімі бұзылған табиғи ортада ежелден келе 
жатқан ата кәсіпті жалғастыруға жанын сала кірісіп жүрген топ болса, екіншісі топ өкілдері аз мансапты 
мұрат тұтатын, сол арқылы жақсы үй, жайлы төсекті жаны қалайтындар. Ауыл арасындағы Бәкизат, 
Жуан Жақайым, Қозы Қарын, үлкен қаладағы Әзім сынды кейіпкерлер осы топтың өкілдері. Бұл 
сыңайдағы кейіпкерлерге ортақ дүниетаным бар: адамның табиғаттан тартып алмақ жетістігі мен 
жасанды мәдениеттің жақсылығана ұмытылу.
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет