333
Студенттермен жүргізілетін патриоттық жұмысты дамытушы функция
білім беру және тәрбие беру
жұмысынан шығады. Патриоттық таным және патриоттық ойлау, әрбір қоғамдық маңызды фактіні,
оқиғаны жаңа құрылған ой ұстанымынан ұғына білу қабілетін қалыптастырады.
Қазіргі таңда қоғамдық және адамдардың жеке өмірінің бүкіл атмосферасы саяси ақпаратпен,
қарама-қайшы нұсқаулармен, бағалармен, құнды бағдарлармен қаныққан. Студенттерді патриоттық
тәрбиелеудің әдістерін анықтау үшін негіз ретінде ғалым-педагогтар тәрбиелік өзара әрекеттесу тәсіл-
дерін таңдауда тәрбиешінің ұстанымына бағдарланады. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасында
анықталатын бірқатар өзара әрекеттесуді атап көрсетуге болады: студенттің өз-өзіне, өзінің отбасына
қатынастарының сипатына ықпал ету тәсілдері; оны құрдастарымен, жұмыстағы қызметкерлерімен
қатынасу жүйесіне қосу; көзқарасты түзету тәсілдері, құнды мақсаттарды және тәртіп стилін өзгерту
[2;91]. Яғни тәрбиелеу әдістерінің бір мағыналы анықтамасы болмайды. Сонымен бірге, студенттің
қоғамға немесе өзіне, басқа адамға немесе адамдардың тұтас тобына қатынастарын өзгертуге олардың
ортақ бағытталғандығы айқындалған. Бұдан тәрбиелеу әдісі адамға ықпал етудің ғана емес, сонымен бірге
өзара әрекеттесу құралдарының бірі болып табылатыны шығады.
Тәрбиелеу әдісі оны құраушы элементтерге (бөліктерге, тетіктерге) бөлінеді, олар әдістемелік
тәсілдер деп аталады. Әдіске қатысты тәсілдер жеке, бағынышты сипатта болады. Олардың өзіндік
педагогикалық міндеттері болмайды, берілген әдіс көздейтін міндетке бағынады. Әр түрлі әдістерде сол
және бір әдістемелік тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Және керісінше, әр тәрбиеші сол және бір әдіс әр
түрлі тәсілдерден құралуы мүмкін. Тәрбиелеу әдістері және әдістемелік тәсілдер өз арасында тығыз
байланысқан, олар өзара ауысуы, нақты педагогикалық жағдайларда бір-бірін ауыстыруы мүмкін. Бір
жағдайларда әдіс – педагогикалық міндетті шешудің өзіндік жолы ретінде, басқа жағдайда жеке тағайын-
далған тәсіл ретінде болады. Мысалы, әңгімелесу сананы, көзқарастар мен нанымдарды қалыптастыру-
дың негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге ол патриоттық тәрбиелеу моделін іске
асырудың әр түрлі кезеңдерінде пайдаланылатын, негізгі әдістемелік тәсілдердің бірі болуы мүмкін.
Сөйтіп, әдіске бірқатар тәсілдер кіреді, бірақ оның өзі олардың қарапайым қосындысы болып табылмай-
ды. Сонымен бірге тәсілдер тәрбиеші жұмысы әдістерінің алуан түрлілігін анықтайды, оның педагогика-
лық қызметінің мәнеріне даралылық береді. Жоғарыдан тәрбиелеу әдістері – бұл тәрбиешә мен тәрбие-
ленушінің жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешу бойынша бірлескен
мақсатқа бағытталған қызметінің тәсілдері. Осы уақытқа қарай тәрбиелеу әдістерінің мәні мен жұмыс
істеу заңдылықтарын ашатын ауқымды ғылыми қор жинақталған. Оларды жіктеу ортақ және ерекшені,
елеуліні және кездейсоқты, теориялық және практикалықты айқындауға көмектеседі. Сонымен бірге
олардың мақсатқа сәйкес және аса тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады, жеке әдістерге тән белгі-
лердің тағайындалуын түсінуге көмектеседі. Жоғарыда айтылғаннан тәрбиелеудің жалпы әдістерінің
жүйесін ұсынамыз: жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістерін; жеке тұлғаның қызметін ұйымдас-
тыру және қоғамдық тәртібінің тәжірибесін қалыптастыру әдістері; жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін
ынталандыру және мотивациялау әдістері; тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау
әдістері.
Тәрбиелеу процесінің нақты жағдайларында әдістер күрделі және қарама-қайшы бірлікте болады.
Әрине, тәрбиелеу процесінің қандай да бір кезеңінде сол немесе басқа әдіс азды-көпті оқшауланған түрде
қолданылуы мүмкін. Бірақ басқа әдістермен сәйкесінше бекітпей, олармен өзара әрекеттестірмей ол
өзінің тағайындалуын жоғалтады, тәрбиелеу процесінің көзделген мақсатқа қозғалуын баяулатады. Жеке
тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: