Юрковская о. А., Фаизова р. И., Терехова т. И., Хисметова а. М., Зготова н. С. Коронавирусты



Pdf көрінісі
бет4/73
Дата07.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#92921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
koronavirustyq-infekciyadan-tuyndagan-pnevmoniya-kezindegi-reabilitaciyanyn-negizgi-principteri

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
Қысқартулар тізімі 
 
АҚҚ
– артериальді қан қысымы
ЖАД
–белок жоғары диета
АИВ - 
адамның иммунитет тапшылығы вирусы 
ДКК – 
дәрігерлік кеңестік комиссия
 
ДДҰ - 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 
ТЖ - 
тыныс жетіспеушілігі 
ЖИА - 
жүректің ишемиялық ауруы 
АІЖ- 
асқазан-ішек жолдары 
КВИ – 
коронавирустық инфекция 
КТ
- компьютерлік томография 
ЕДШ
– емдік дене шынықтыру 
ДСМ
– Денсаулық сақтау Министрлігі 
НЭЫ
- нейромаскулярлы электрлік ынталандыру 
ЖРИ
- жедел респираторлық инфекциялар 
ПКЕ 13
- пневмококкке қарсы екпе 
ППЕ 23
- пневмококкты көп баламалы екпе 
ПТР
- полимеразды тізбекті реакция 
ҚР
- Қазақстан Республикасы 
ҚД
- Қант диабеті 
ЖТЖ
- жүрек-қантамыр жүйесі 
СКЕ
– санаторлы-курорттық ем 
ЖҚЖ
- жүрек-тамыр жүйесі 
УДЗ
– ультрадыбыстық зерттеу 
УКС
– Ультракүлгін сәуле 
ӨСОА
- созылмалы обструктивті өкпе ауруы 
ОЖЖ
- орталық жүйке жүйесі 
ТАЖ
– тыныс алу жиілігі 
ЖСЖ
– жүрек соғу жиілігі 
COVID-19
– коронавирустық инфекция 
 
 
 
 
 



1.Кіріспе 
Соңғы екі айда бүкіл әлемде жаңа COVID-19 вирусының эпидемиясы 
өршуде (қысқартылған Corona Virus Disease 2019, бұрын nCov-19). 
Нұсқаулықтарды жазу кезінде (2020 жылдың 21 сәуірі) вирус жұқтырған 

485 083
жағдай тіркелді (оның ішінде 
170 772 
адам қайтыс болды және 
654 907 
адам емделді). Осылайша, өлім-жітім кем дегенде 6,21% құрады 
[https://koronavirus-today.ru].
Қазақстанда: вирусты жұқтырған 
1967 
жағдай 
тіркелді (оның ішінде 
19 
адам қайтыс болды, 
452 
адам емделді)
[https://www.coronavirus2020.kz]. 
SARS-CoV-2 
вирусынан туындаған жаңа COVID-19 коронавирус 
инфекциясы қауіпті ауру болып табылады, ағымы жеңіл және ауыр жағдайда 
өтіп, тіпті өлімге де әкелуі мүмкін [1,2]. 
Коронавирустың салдары емделген адамдар үшін бірнеше факторларға 
тәуелді: адамның иммунитеті және қосалқы аурулары. Коронавирустың жаңа 
түрін жұқтырған науқастардың көпшілігінде толық сауығуға мүмкіншілігі бар, 
бірақ инфекцияның ауыр өткен жағдайында өкпе фиброзы дамуы мүмкін. 
Өкінішке орай, бүкіл әлемге таралған пандемия әлі өзінің өршу шыңыңа 
жетпегендіктен, бүгінгі күнге дейін коронавирустың салдары туралы нақты 
статистика жоқ. Кейбірінде коронавирус қалыпты респираторлы инфекция 
ретінде өтсе, енді бірінде тыныс алу жеткіліксіздігімен асқынған пневмонияның 
дамуымен жүреді. Емделгеннен кейін бірнеше апта бойы келесі көріністер 
болуы мүмкін: 

ентігу 

қызбасыз құрғақ жөтел 

астения синдромы 

өкпе фиброзының дамуы 

созылмалы аурулардың өршуі 
Ce және т.б. (2020ж.) авторларының мәліметтері бойынша науқастардың 
45% инфекцияны жұқтырғаннан кейін бір ай ішінде өкпе фиброзының 
белгілерін пайда болды. Шенчи және т.б., Хейл және т.б. (2020) науқастардың 
36% және 30%-ында 3 және 6 айдан кейін өкпе фиброзы дамитынын анықтады. 
nCoV-19 инфекциясы бар науқастардағы ауыр асқынулардың бірі фиброз 
болады деп болжануда [3-5]. 
Жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа, COVID-19 инфекциясы 
расталған науқастардың көбінде күйзеліс белгілерін байқалады, олар өкініш, 
жалғыздық, дәрменсіздік, мазасыздық, ашуланшақтық және ұйқының 
бұзылуымен көрінеді. Кейбір науқастар үрей шабуылына тап болуы мүмкін. 
Оқшауланған бокстардағы коронавирус расталғандардың психологиялық 
жағдайын бағалау кезінде, науқастардың шамамен 48%-да госпитализацияның 
ерте сатысында стресске эмоционалды реакция ретінде психологиялық күйзеліс 
көрінеді. Ауыр жағдайдағы науқастардың арасында жиі сандырақтау 
жағдайлары болады. Тіпті COVID-19 қоздыратын энцефалит жағдайы тіркелді, 



бұл естің болмауы мен ашуланшақтық сияқты психологиялық белгілерге алып 
келді. 
Коронавирустық инфекция өкпенің ауыр зақымдануы пневмонияның 
дамуына және оның тыныс алу жеткіліксіздігімен жүретін фиброзбен 
асқынуына, 
сондай-ақ, 
науқастардың 
психологиялық 
жағдайының 
бұзылуларына әкелетіндіктен, науқастарды ауруханадағы емдеу кезеңінен 
бастап, амбулаторлы-емханалық және нәтижелі диспансерлік кезеңмен 
аяқтайтын ерте оңалту шараларын әзірлеу және оларды енгізу қажеттілігі 
туындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет