Юрковская о. А., Фаизова р. И., Терехова т. И., Хисметова а. М., Зготова н. С. Коронавирусты



Pdf көрінісі
бет67/73
Дата07.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#92921
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
Байланысты:
koronavirustyq-infekciyadan-tuyndagan-pnevmoniya-kezindegi-reabilitaciyanyn-negizgi-principteri

11.Қорытынды 
 
Сонымен, оңалту аймағының дамуы халықтың денсаулығын жақсартуға, 
өмір сүру ұзақтығын арттыруға, ең бастысы - экономикалық және әлеуметтік 
белсенді өмір сүру кезеңіне, еңбекке қабілеттілікті сақтап, мүгедектікті 
төмендетуге үлкен мүмкіндіктер береді. Ол үшін медициналық оңалту мен 
курорттық емдеудің жаңа ұйымдастырушылық үлгілерін әзірлеу және енгізу 
ғана емес, сонымен қатар медициналық тәжірибеде кеңінен қолданыс тапқан 
оңалту шаралары мен бағдарламаларын кеңінен қолдану, медициналық 
қызметкерлер мен медициналық оқу орындары түлектерінің сауықтыру 
саласындағы білім деңгейлерін көтеру қажет. 
Сонымен қатар, жаңа технологиялар мен оңалту әдістерінің дамуына 
қарамастан, жалпы медициналық тәжірибеде дәрілік емес ем әдістерінің әлеуеті 
кең қолданылмайды. Бәлкім бұл жалпы тәжірибе дәрігерлері мен 
амбулаториялық-емханалық бөлімшенің басқа мамандарының әртүрлі оңалту 
әдістерінің: 
физиотерапия, 
рефлексология, 
психотерапия 
және 
т.б. 
мүмкіндіктері мен тиімділігі туралы хабардар еместігімен байланысты болуы 
мүмкін. Атап айтқанда, санаторлық-курорттық мекемелердің қолда бар 
мүмкіндіктері санаторлық емді халықты сауықтыру үшін анағұрлым қарқынды 
пайдалануға мүмкіндік береді. Халықтың кең көлемі, әсіресе егде жастағы 
науқастар үшін жергілікті санаторийлер мен алдын алу мекемелерінде ем алу 
ең тиімді және қол жетімді, бұл үйреншікті климаттық аймақта оңалту 
шараларын жүргізуге мүмкіндік береді және осы жағдайда жол жүру 
шығындары болмайды. Амбулаториялық-емханалық бөлімнің дәрігерлерінің 
міндеті - санаторлы-курорттық оңалтуды қажет ететін науқастарды сауатты 
іріктеу және стационарлық, амбулаториялық, санаториялық және диспансерлік 
оңалту кезеңдерінің үздіксіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 
Біздің ойымызша, емханалық дәрігерлерді жаңа әдістермен және оңалту 
бағдарламаларымен таныстыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын 
жасау қажет, сонымен қатар әртүрлі аурулардың медициналық көмек 
стандарттарына дәрілік емес ем әдістерін енгізу қажет. Коронавирустық 
пандемияға байланысты қазіргі жағдайда оның барлық кезеңдерінде білікті 
оңалту шараларын өткізу үшін дәрігерлер мен орта медициналық 
қызметкерлердің мультидисциплинарлы тобын қалыптастыру үшін мамандар 
даярлаудың маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет