48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет258/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   295
Байланысты:
3-книга

correct 
pronunciation)
көмектеседі. Фонетикалық дағдыларын, оның ішінде екпін қою жағын жетілдіріп, 
дамытады. Соныман қатар, студенттің белсенді сөздік қорын кеңітіп және сөздерді, грамматикалық 
құрылымдарды, идиомаларды есте сақтауға және ауыз екі сөйлеу ерекшеліктерін түсінуге 
қабілеттендіреді.Тек студенттердің English club-қа қатысуы дұрыс қадағалануы тиіс. Өйткені, мұның 
пайдасы зор, пайдалы болуына да себепкер оқытушы. Өзекті және қызықты тақырыптар тізбесін 
студенттерге жоба жұмысын жасау үшін таңдауға ұсыну, олардың тілдік ортаға енуіне орта 
қалыптастыру және студенттерге осындай міндеттер жүктеу арқылы сөздік қорларын өз бетінше 
арттыруға, жобасын таныстыру арқылы көпшілік алдына шығып еркін сөйлеу дағдысына ие болуға, 
барлық студенттерді іс-шара үдерісіне кірістіруге, оқытушы қасында ағылшынша ауыз екі тілін 
жаттықтыруға мүмкіндік беру оқытушының шеберлігіне байланысты. Тағы бір пайдалысы ағылшын 
тілін үйренуде туындайтын сауалдар мен мәселелерді немесе кезіккен қайшылықтарды талқылауға 
мүмкіндіктің болуы. 
Оқытушы студенттерді жобалау жұмыстарын жүргізудің негізгі кезеңдерінен өткізеді, бірінші 
студент өз қызығушылығымен зерттеу тақырыбын таңдайды. Оқытушы зерттеу жұмысының мақсат-
міндеттерін толық түсіндіреді, студент өз бетінше ізденуі мүмкін, дегенмен, оқытушының бағыт-
бағдары студентке жоба ісін сеніммен іске асыруына мүмкіндік тудырады. Бағыт берілгеннен кейін 
студент жобалау жұмысын орындауға негіз болатын ақпарат іздеу мен әдебиеттерді зерделеуге кіріседі 
[4]. 


305
Студент өзі айналысып жатқан жобалау жұмысының нақтылығы мен тереңдігіне сенімін арттыру 
үшін немесе қосымша ізденуді қажет ететіндігін анықтау үшін оқытушы English club-та көпшілік 
ортасына салып, қорғатады. English club-та студенттер, соның ішінде 1-2 курстықтар өз жұмысы 
арқылы кең аудиторияның алдына шығуға мүмкіндік алады. Бұл студенттің барыншы мұқият 
әзірленуін, шешендік қабілетін ұштауға мәжбүрлейді. Сонымен қатар, әрбір адам оның жұмысы қандай 
екендігін, жалпы деңгейде қалай көрінетінін және өздіктерінен тиісті тұжырым шығара алады. Бұл 
English club-қа қатысудың ең пайдалы нәтижесі, бастапқы кезеңде көптеген студенттер жеке пікірлерін 
талассыз дұрыс, ал өз жұмыстарын ғылыми тұрғыда ең терең және ең құнды деп санайды. Ал басқа 
студенттердің жоба жұмысын қорғау тәсілдерін көру арқылы әрбір студент өз жұмысының 
кемшіліктерін болса, аңғармауы мүмкін емес, сол сияқты өзінің күшті жағын да анықтауы мүмкін.
Студенттердің жобалау жұмыстары жас мамандар мен ғалымдар даярлаудың маңызды 
факторларының бірі десек, студент өмір бойына қажетті өз бетінше пайымдауға, ойын жинақтауға, 
жеке білім қорын үнемі байытуға, туындаған мәселелер туралы жан-жақты көзқараста болуға 
дағдыланып, мақсатты және санамен жұмыс істей алады. 
Оқытушы үшін ең үлкен марапат студентінің білімді, жан-жақты дамыған және игілікті әрқашан 
жас кезінде алған сабағын еске алып жүретін адам болуы емес пе?! 
Әрбір оқытушы студенттермен сөзден емес істен байқалатындай етіп жұмыс істеп, студент 
жастардың қабілетін бірінші курстан бастап дамытуы қажет. Оқытушылар тіпті денсаулығында 
кемшілігі бар студенттердің олқылықты сезінуіне мүмкіндік бермей, барлық студенттер арасында тең 
сезінуіне ықпал етуі тиіс [5]. 
Студент бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – 
шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі оқытушы міндеттерінің бірі.
Қазір жұмысқа қабылдағанда ағылшын тілін білетін жастарға ерекше құрметпен қарайды. Ал кейбір 
шетелдік компанияларда бұл тіпті талап ретінде қарастырылады. Жақсы жұмыс иегері боламын деген 
студент өз мамандығымен қоса, ағылшын тілін білу деңгейін жетілдіреді. Шет тілін білу қосымша 
мүмкіндіктер ашады. Шет елге оқуға түсу, машықтануға шет елге барып келу және басқа да тосын 
мүмкіндіктер пайда болуы әбден мүмкін. Бұл бәрімізге айдан анық белгілі. Тіпті, келешекте 
түйіндемедегі «ағылшын тілін сөздікпен білемін» деген нұсқа қарастырылмайды. 
Ағылшын тілін жастарға оқыту жақсы әрі еркін меңгеруге ғана емес, сонымен бірге адамның 
интеллектуалдық, тәрбиелілік және рухани әлеуетін жақсартатынын бүгінгі таңда түсіндіріп жатудың 
қажеті жоқ. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тілін оқыту адамның жалпы және тілдік 
дамуын реттейді, студенттердің өзге ұлт мәдениетін білуге үйретеді. Бұл қазақтың бір ауыз «Жеті 
жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген мақалымен-ақ ертеде айтылған.
Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі 
жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал 
шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан 
бастау алады. 
Студенттерді жобалау жұмыстарына баулу арқылы шығармашылық қызығушылықтарын оятуда 
оқытушының рөлі зор.
Сонымен қорыта келгенде, жобалау жұмыстары оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту 
тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс - студенттерге әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және 
бақылауға мүмкіндік береді. Жобалау жұмыстары студенттерге тақырып таңдауда, мәліметтердің 
дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс 
қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге арналған. Жобалау студенттің өз бетінше ойластырып, жүзеге 
асыруға арналған жұмысы. Зерттеу барысында студенттің бойында жұмысына қажетті төмендегідей 
біліктер қалыптасады: 
- өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады. 
- алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады. 
- өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді. 
- мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды. 
- мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді. 
- әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады. 
- аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, 
аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады. 
- өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады. 
- шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі. 
- өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады. 


306
Әрбір мақаланың құндылығы мен өзектілігі қозғаған тақырыбын ашумен бағаланса, осы мақалада 
ағылшын тілін студентке жобалау жұмыстары арқылы терең меңгерту, оны қарым-қатынас үдерісінде 
қолдана білетін нақты тұлға әзірлеу ұстаздар міндеті екені айтылады. Жоғары деңгейге жеткен 
мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтуда тілдің рөлі зор болса, уақыт өткен сайын зор қажеттілігі 
сезіліп келе жатқан ағылшын тіліне студенттерді жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Әрбір адамның 
өміріне қызық сәттер қосып, оны күнделікті істерден алаңдататын хоббиы болса, студенттің сол 
хоббиы – тіл үйрену болсын. Оқытушы сабаққа дайындалғанда өзінің әрекеттерін ойластыруымен 
шектелмей, деңгейіне қарай студенттің әрекетіне мән беруі тиіс [6]. 
Н.Ә. Назарбаев: - «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы 
«лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді 
ашады». Елбасы тарапынан осындай қолдау көрсетіліп отырғанда, әлемдегі озық әдістерді қолдана 
отырып, тиімді тәсілдермен студенттерге тіл үйрету оқытушылардың парызы деп санаймын.
Білім беру жүйесі заман сұранысына лайықты білім беруді көздейді. Жаңа технологиялар мен 
ақпараттық коммуникативтік құралдармен, техникамен жастардың бойына еліміздің рухын, ұлттық 
құндылықтарды дарыту, ұлттық мәдениетті салыстыра отырып, ағылшын тілін үйретуде 
сабақтастықты табу болашақ үшін маңызды. 
Бүгінде еліміз жоғары баспалдақтардан көрініп, бәсекеге қабілетті дамыған елдер қатарына 
қосылып, абыройымыз асқақтап жатқанда еліміздің білім беру жүйесі де әлемдік білім талаптарына 
сәйкес болуы керек деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет