АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Агробиоценоз -
ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерде
қалыптасқан биоценоз.
Агротехникалық әдіс - өнім шығынын түпкілікті болдырмау және
зиянкестер әрекетінен өнім сапасын төмендетпеу мақсатында, зиянды
ағзалардың (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) мекендеу жағдайларына кері
әсер ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және күтіп-баптау тәсілдері.
Агротехникалық әдістің негізгі тәсілдері мыналар: ауыл шаруашылығы
дақылдарының зиянкестеріне төзімді сорттарын егу, дақылдарды кезек егу
және ұсынылған егіс айналымын игеру, топырақ өңдеу түрлері - сүдігерлік,
көктемгі егісалды (топырақты қопсыту, малалау, нығыздау), суарулар (өсу
мерзімдік, ылғалдандырған, шаю), қолайлы егу мерзімі, минералды және
органикалық тыңайтқыштарды қолдану, өсіргіш реттеуіштерін және
жапырақсыздандырғыштарды пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын
жинау мерзімдері.
Ареал- жануарлартүрінің, туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы
таралған аймағы.
Биотоп - жер бетінің (құрлықтың не су қоймасының) биоценоз мекендейтін
орта жағдайлары біртектес өңірі (телімі). Екі мағынада қолданылады: а)
нақтылы, экологиялық жағдаймен сипатталатын, нақтылы биоценоз түрлері
мекендейтін аймақ; б) нақтылы организмдердің немесе олардың қауымдарының
тіршілік етуіне барынша ыңғайлы қоршаған орта факторларының жиынтығы.
Биоценоз – дегеніміз - өзіндік реттеуге қабілетті және зат алмасуды
қамтамасыз ететін өсімдік және тірі ағзалардың тарихи қалыптасқан
қауымдастығы.