Абсатарова дамира амировна


  Ауа-райы жағдайының зиянкестердің басым түрлерінің



Pdf көрінісі
бет56/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73
Байланысты:
Диссертация.

3.4 
Ауа-райы жағдайының зиянкестердің басым түрлерінің 
белсенділігіне әсерін зерттеу 
2015-2017 
жылдардағы зерттеулеріміздің нәтижесіне және жыл 
маусымына байланысты көшет фитофагтарына ауа райының әсерлері әр жылда 
әртүрлі әсер етті. Сонымен қатар олардың қоректену ерекшеліктеріне 
байланысты жапырақ және бүршік фитофагтарының дернәсілдердің дамуына 
ауа райының тікелей әсері байқалды. 


Далалық тәжірибелер Алматы облысы, Талғар ауданы, "Помологиялық 
бақ" тәжірибе танаптарындажүргізілді.2015-2017 жылдардың метерологиялық 
кезең жағдайы,орташа көпжылдық көрсеткішпен 14 және 15 суреттерде 
көрсетілген.Талғар метобекетінің мәліметтері бойынша, зерттеу жүргізілген 
үш жылда (2015,2016 және 2017ж.ж) әр түрлі болды, олар есепке алу кезеңінде 
бір-біріне жауын-шашын және температура көрсеткіштері бойынша ұқсамады. 
Мұндай көрсеткіштер фитофагтардың даму динамикасына және оларды есепке 
алу нәтижелеріне айтарлықтай әсер етті. Алма көшеттіктеріндегі 
фитофагтарды есепке алу кезінде,Жамбыл және Алматы облыстарының 2015 
және 
2016жж. 
ауа 
температурасы 
көрсеткіштерінде 
айтарлықтай 
айырмашылық байқалмады. Осы екі жылдағы көктемдік-жаздық ауа 
температурасы орташакөпжылдықтан жоғары болды, ол өз кезегінде 
жапырақширатқыш бөжектердің дамуы мен ұшуына қолайлы болды.2017 
жылдыңауа температурасы, алдынғы екі жылға және орташакөпжылдық 
көрсеткіштен төмен болды ол жапырақширатқыш бөжектердің яғни бүршік 
жапырақ ширатқыш көбелек (Spilonota ocellana), раушан гүлділердің жапырақ 
ширатқыштардың (Archips rosana) және дешұбар күйе көбелегі (Lithocolletidae) 
туыстасының бөжек зиянкестері: жапырақ асты үңгі күйе көбелегі (Lithocolletis 
pyrifoliella 
Grsm.)жапырақ 
асты 
үңгі 
жеміс 
күйе 
көбелегі 
(
Lithocolletis
corylifoliella)дамуына кері әсер етті, ал нағыз бітелер туысының 
зиянкес бөжектерінің сонын ішінде жасыл алма бітесі (
Aphis pomi Deg
.) 
дамуына қолайлы болып келді. 
Сурет 15 –Есепке алу жылдары 2015,2016,2017 жылдардағы 
температуралық көрсеткіштерді салыстыру (онкүндіктердің орташа 
көрсеткіші) 


Сурет 16 –Есепке алу жылдары 2015, 2016, 2017 жылдардағы жауын-
шашын көрсеткіштерін салыстыру (онкүндіктердің орташа көрсеткіші) 
2015 жылы зиянкес бөжектердің сонын ішінде күйе көбелектердің
ұшуына дамуына өте қолайлы болды, әсіресе шілде айының II онкүндігін атап 
өтуге болады, ауа райының ыстық әрі құрғақ болуы бөжектерді есепке алу 
жұмыстарына да қолайлы болды. Сондай-ақ өрмекшітәрізді зиянкестердің 
дамуына өте қолайлы болды. 2015 және 2017 жылдардағы жауын-шашын 
мөлшерінің түсуі ұқсас болғанмен ауа температурасы көрсеткіштері бойынша 
айтарлықтай айырмашылықтар болды. Зерттеу жүргізілген жылдарда 2016 
жылы түскен жауын-шашын мөлшері ең жоғары көрсеткішті көрсетті.
Қорта айтқанда, бұлытты күндер және әсіресе жаңбырлы күндер, 
бөжектердің белсенді көбеюі мен жаппай көшуіне кедергі келтіреді, содай-ақ 
олардың таралуы да бәсендейді, яғни негізгі зиянкес бөжектердің 
зияндылығыда төмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет