Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Педагогикалық қақтығыстардың алдын алу тәсілдері Қақтығысты шешу толық немесе ішінара болуы мүмкін:
-
объективті қақтығысты жағдайды өзгерту арқылы объективті деңгейдегі толық шешім
Мысалы, тараптарды кеңістіктік немесе әлеуметтік ажырату, қақтығысқа әкеп соқтырған
тапшы ресурстарды беру;
-
даулы іс-әрекеттерге мүдделіліктің жоғалуына байланысты объективті қақтығысты
жағдайдың өзгеруі салдарынан объективті деңгейдегі ішінара шешім;
-
қақтығысты жағдай бейнесін түбегейлі ауыстыру арқасында субъективті деңгейдегі
толық шешім;
-
шиеленіс жағдайының бейнесінің шектеулі, бірақ жеткілікті (қайшылықты уақытша
тоқтату үшін) салдарынан субъективті деңгейдегі ішінара шешу.
Кейде қақтығыстарды толық шешу үшін екі тарапты да қанағаттандыратын шешімді
іздестіру мақсатында үшінші тараптың қатысуы қажет. Үшінші тарап (төрешілер, делдалдар
немесе медиаторлар, көмекшілер) – қақтығысқа қатысты сырттан адам немесе топ, оларды
келісімге қол жеткізу мен қақтығысты шешуге кәсіби көмек көрсету үшін арнайы іріктейді
және шақырады (И. С. Бубнова, А. Н. Арганова).
Педагогикалық қақтығыстарды болдырмауда дисциплина - балаға тәртіпке саналы
бағыну аясында оның толыққанды дамуы үшін қажетті еркіндікті қамтамасыз ету маңызды
роль атқарады.
Оқушылардың қақтығысты мінез-құлқына мұғалім тұлғасы үлкен әсер етеді. Оның әсері
әртүрлі тараптардан көрінуі мүмкін.
Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушылармен өзара қарым-қатынас стилі құрдастарымен
өзара қарым-қатынас жасау үшін үлгі болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, алғашқы
мұғалімнің қарым-қатынас стилі мен педагогикалық тактикасы оқушылардың
сыныптастарымен және ата-аналарымен тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыруға
елеулі әсер етеді. Қарым-қатынастың жеке стилі және "ынтымақтастық" педагогикалық
тактикасы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасуын барынша ұштастырады. Алайда,
төменгі сынып мұғалімдерінің бұл стильде аз ғана саны бар (шамамен 15%). Қарым-
қатынастың айқын қызметтік стилі бар бастауыш сынып мұғалімдері (85%) сыныпта
тұлғааралық қарым-қатынастың шиеленісін күшейтетін тактикалардың бірін ("диктат"
немесе "демеу") ұстанады. Қақтығыстардың көпшілігін жоғары мектеп жасындағы
"авторитарлық" мұғалімдердің сыныптарындағы қарым қатынасы сипаттайды.