Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет156/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

проблемалар
болуы мүмкін, 
атап айтқанда: 

оқушылар медиативтік қызметке қатысудан жалтаруы мүмкін, өйткені бұл олардың 
құрдастарымен қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін; 

егер татуласу қызметі жай ғана ресми құрылым ретінде құрылса және іс жүзінде 
медиацияны (немесе басқа да қалпына келтіру бағдарламалары) жүргізбесе, онда мектеп 
қоғамдастығында қақтығысты жағдайларға әрекет ету тәсілдерінде өзгерістер болмайды 
және мұндай қызметті әрекет етуші деп санауға болмайды; 

медиацияны өткізу қарым-қатынастардың жаңа үлгілерін көрсетсе де, мектептегі 
жалпы өзгерістер өте баяу жүреді (жаңа қызмет, әдетте, өте осал және тұрақсыз, қақтығысқа 
мектептің бұрынғы әрекет ету тәсілінде дәстүр мен инерция күші бар); 

қызметтің жалғасуын қолдау ересектер, әсіресе - білім беру ұйымының директоры, 


117 
мектеп медиациясы қызметінің кураторы, психологтер мен педагогтер (балаларды 
медиацияға бағыттайтын болады) тарапынан белсенді, мүдделі және жауапты ұстанымды 
талап етеді; 

медиацияны жүзеге асыратындар (педагогтар мен оқушылар) педагогикалық құрам 
тарапынан түсініспеушілікке жиі итермеленеді; 

мектеп медиациясы қызметі мектеп оқушылары арасында өз беделін жиі жоғалтады, 
өйткені "жоғарыдан нұсқау" бойынша енгізілуде (сол себепті медиацияға әкімшілік пен 
педагогтар "саботаждық жасай" алады).
Мектеп медиациясында қолданудың немесе 
шектеудің 
нақты шекаралары бар: 

барлық қақтығыстарды осы әдіс арқылы шешуге болмайды; 

балалар ересектердің (ата-аналар мен мұғалімдер, әкімшілік пен мұғалімдер және 
т.б.) арасындағы қақтығыстарды шешпеуі тиіс. 
Мектеп медиациясы қызметінің жұмыс істеуінің бірқатар шарттарын атап өтуге болады: 
1. 
"Қызмет өрісінің" болуы - қақтығыстардың жеткілікті саны (көбінесе мектеп 
оқушыларының өздері, сондай-ақ педагогтар мен әкімшілік жасырады). 
2. 
Мектеп медиациясы идеясын сырттан қолдау: 

әкімшіліктің (әсіресе директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары); 

педагогикалық құрамның (балалардың қақтығыстарды шешудегі "өкілеттіктерді 
бөлісу" дайындығы, атап айтқанда, қақтығыстар туралы ақпаратты татуласу қызметіне беру)
3.
Қызмет кураторы рольіне үміткердің болуы (ерікті негізде), ол мынадай бірқатар 
талаптарға сәйкес келеді: 

қалпына келтіру медиациясы идеясын қолдау; 

куратор қызметін үш жыл бойы жүзеге асыруға дайындық (ерікті түрде) ; 

медитативтік әдісті оқытуға және медитацияны өткізуге дайындық (ересектерді оқыту 
кемінде 120 сағатты құрайды)); 

мектептегі қақтығыс жағдайлары туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бар; 

мұғалімдер мен оқушыларда беделге ие; 

әкімшілік алдында өз пікірін қорғауға қабілетті; 

мектеп медиациясы қызметін ұйымдастыруға қабілетті. 
4. 
Қалалық (аймақтық) медиаторлар қауымдастығының болуы, оған куратор қолдау 
көрсетуге жүгіне алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет