Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Позитивті тәсілдеме және қабылдау



Pdf көрінісі
бет168/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Позитивті тәсілдеме және қабылдау
Позитивті тәсілдеме бойынша психолог клиенттің ресурстарына назар аударады, олардың оң 
тұстарын пайдалану арқылы анықтайды және жұмылдырады. Бұл тек клиенттің 
ерекшелігіне құрмет пен қызығушылық білдіре отырып, спонтанды эмоционалды 
реакциялардың негізінде жүргізіледі.
Позитивті стильдің негізгі параметрлері
(Айви, т.б., 1999) 
Эмпатия 
Клиенттің ішкі әлемін оның көзімен көре алу.
Бастапқы эмпатия 
Клиентті нақты түсіну үшін әңгімелесу барысында рефлексиялық 
тыңдау дағдыларын қолдану. Сіздің түсіндірмеңіз клиенттің сөздерімен 
қиысуы қажет.
Күшейтілген 
нақты эмпатия 
Клиентпен әңгілемесу барысына қосылумен қатар әсер ету дағдыларын 
қодану, клиент қабылдай алатындай тәжірибелерін бірлесіп талқылауға 
ұмтылысы. 
Мәдени эмпатия 
Клиенттің стилінен өзінің мәдени стилі арасындағы айырмашылықты 
ескеру. Топтық айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, тұлғаның өзіндік 
қайталанбастық ерекшеліктерін түсіну. 
Жағымды 
қатынас 
Клиенттің мінез-құлық ерекшелігіне, сезімдеріне, ойлары мен 
мазасыздықтарына баса назар аудару. Клиенттің адамгершілігі мен 
құндылықтарын анықтау.
Құрмет
Клиент туралы тек қана жағымды пікірлемелер білдіру және олардың 
алға ұмтылысына қолдау көрсету. Егер сіздің және клиенттің мінез-
құлығы мен ойлары арасындағы біраз айырмашылықтарды 
анықтасаңыз, біріншіден, оған төзімділік танытып, онымен қатынаста 
ашық және адал болу қажет.
Жылулық
Клиентке өзіңнің қамқорлығыңды көрсетуде негізінен қарым-
қатынастың вербалды емес (дауыс екпіні, дене қалыбы, мимика т.б.) 
құралдарын қолдану. Жағымды ахуал орнату үшін жымию мен 
күлімсіреу ерекше маңызды. 
Нақтылық
Фактілерді, сезімдердің негізгі бөліктерін анықтау, дәлділік.
Тікелей
Барлық үш шақтыда, яғни өткен, осы және келер шақты қолдану. 
Дұрыс бағытта келе жатқан клиент қажеттілігіне қарай барлық үш 
шақты да жиі қолдана бастайды. 
Конфронтация 
Сұхбатты ашық жүргізу, аралас хабарламаларды, сәйкессіздіктерді, 
вербалды және вербалды емес мінез-құлқындағы қайшылықтарды 
анықтау. 
Өзіне және 
басқаға деген 
шынайы қатынас 
Клиентпен шынайы қарым-қатынас жасау. Сезімдерде шынайылық пен 
спонтадылықты білдіру. Клиенттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне 
сезімтал болу. Қарым-қатынас орната отырып, өз-өзіңмен бола білу.


131 
ҚОСЫМША Г 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет