41
формасын бөліп көрсетуге болады, олар: объектіні алмастыру және қажеттілікті алмастыру.
Сонымен қатар алмастырудың белсенді және енжар формалары болады. Алмастырудың бұл
формаларын адамдар қақтығыс деңгейі мен әлеуметтік бейімделу түрлерінен дербес жеке
әртүрлі қолданылуы мүмкін. Сындарлылықтың орташа дәрежесі.
Ығыстыру
қорқыныш эмоциясын тежеу үшін
қолданылады, ол өзін-өзі позитивті
қабылдау қолайсыздығы туындауымен және агрессор тарапынан туындаған қақтығыстардан
қорғанумен байланысты жүзеге асады. Бұл жағдайда қорқу оның туындауына түрткі болған
және онымен ассоциациялық байланысы бар барлық объектілерді, жағдайларды ұмыттыру
арқылы санадан ығыстырады. Механизм бейімделуі енжар тұлғаларда қолданылады.
Сындарлылықтың орташа дәрежесі.
Рационализация
ерте жеткіншектік шақта дамиды. Механизмнің бұл түрінің
пайда
болуы ерте жеткіншектік кезеңде құрдастарымен бәсекелестікте сәтсіздіктерге сәйкес
туындаған фрустрациялармен байланысты. Кез келген жағдайды субъективті бақылау сезімін
дамыту үшін оқиғаларды еркін схемалауды және түсіндіруді болжайды. Рационализация
өзекті, өзі үшін және басқалар үшін үстемдік, постгипноздық және проективті болып
бөлінеді; оның келесі тәсілдері бар:
мақсатқа сенімділікті жою, құрбанның беделін түсіру,
мән-жайлардың рөлін асыра көтеру, қолда бар мүлікті қайта бағалау және өзін-өзі бағалау.
Механизм бейімделуі енжар тұлғаларда қолданылады. Сындарлылықтың жоғары дәрежесі.
Компенсация
–
онтогенездегі ең кеш және когнитивті күрделі қорғану механизмі. Бұл
адам бойындағы кемшілік, жетіспеушілік, өзін толыққанды емес сезіну сияқты сезімдер мен
уайым-қайғыны тежеуге арналған. Компенсация осы кемшілік сезімін түзету немесе
ауыстыру әрекетін қарастырады. Сондай-ақ компенсация кластеріне гиперкомпенсация
механизмі кіреді, оны мінсіз деңгейдегі компенсация ретінде түсінуге болады. Механизмді
пайдалану әлеуметтік бейімделудің жеке түріне байланысты емес. Сындарлылықтың жоғары
дәрежесі (Долгова, Кондратьева).
Достарыңызбен бөлісу: