Практикум оқу әдістемелік құрал


Жұмыс уақытысының және демалыс уақытысынын тәртібі



Pdf көрінісі
бет29/83
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#94330
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83
Байланысты:
Еңбек құқығы л

6. Жұмыс уақытысының және демалыс уақытысынын тәртібі 


26 
6.1. 
Жұмыс беруші ұзақтығы сегіз сағаттық жұмыс күнімен бес күндік жұмыс аптасын 
белгілейді. 
6.2. 
Күнделікті жұмыс күні ішінде Қызметкерге демалыс және тамақтану үшін 
ұзақтығы 1 (бір) сағат үзіліс беріледі. Демалыс пен тамақтануга берілетін үзіліс уақыты ішкі
еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді. 
6.3. 
Қызметкердің жұмыс істемейтін күндері болып Қазакстан Республикасының 
заңнамасымен белгіленген демалыс және мереке күндері табылады. 
7. Жыл сайынғы енбек демалысы 
7.1. Жұмыс беруші Қызметкерге Жұмыс берушінің ішкі актілерімен және демалыстар 
кестесімен кӛзделген тәртіпке сәйкес оның жұмыс орнын (кызметін) және жалақысы 
сақталатын ұзақтығы 25 күнтізбелік күнге ақылы еңбек демалысын ұсынады. Тараптар 
арасындағы келісімге сәйкес демалыс бӛліп те берілуі мүмкін. 
7.2. 
Жыл сайынғы еңбек демалысы Қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы;
жүктілігіне және босануына байланысты жағдайларда ауыстырылуы немесе толық 
немесе жартылай бӛліп те ұзартылуы мүмкін. 
7.3. 
Жыл сайынғы еңбек демалысы (немесе бӛлігі) Қызметкердің жазбаша келісімімен
немесе оның ӛтінішімен ғана ауыстырылуы мүмкін. Ауыстырылған еңбек демалысы
тараптардың келісімі бойынша демалыстың пайдаланбаған осы бӛлігі келесі жылға 
қосылып беріледі немесе Қызметкердің ӛтініші бойынша жекеше басқа уакытта беріледі.
7.4. 
Ӛндірістік қажеттілікке байланысты демалыс кестесі ӛзгерген жағдайда Жүмыс 
беруші Қызметкерге бұл жӛнінде еңбек демалысы басталғанша кемінде екі апта ішінде 
хабарлауға міндетті.
7.5. 
Жыл сайынғы еңбек демалысы Жұмыс берушінің ұсынысымен және Қызметкердің 
жазбаша келісімімен ғана бұзылуы мүмкін (еңбек демалысынан шақырып алу). Осыған 
байланысты пайдаланылмаған демалыстын бӛлігі Тараптар арасындағы келісім бойынша 
ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылы ішінде кез-келген уақытта беріледі не жыл 
сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады немесе ақшалай түрде ӛтеледі. 
7.6. 
Шарт тоқтатылған жағдайда ақылы жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланбаған
немесе толық пайдаланбаған кызметкерге жыл сайынғы еңбек демалысы (жыл сайынғы 
еңбек демалыстары) толық немесе жартылай пайдаланбаған Қызметкерге жыл сайынғы 
еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстары) пайдаланбаған күндеріне ӛтемақы 
тӛлеу жүргізіледі. 
7.7. 
Қызметкердің қалауы бойынша Жұмыс берушінің келісімімен ұзақтығы
Тараптардың келісімімен белгіленетін жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі. 
7.8. 
Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс ӛтіліне мыналар енеді: 
- нақты істелген жұмыс уақыты; 
- Қызметкердің нақты істемеген жұмыс уақытысы, бірақ оның жұмыс орны (қызметі) және 
жалақысы толық немесе жартылай сақталады; 
- Қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығына орай нақты жұмыс істемеген уақыты; 
- Қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта алар алдындағы жұмыс істемеген уакыты. 
7.9. 
Демалыс беру, ауыстыру, ұзарту немесе демалыстан шақырып алу Жұмыс берушінің 
актісімен ресімделеді. 
8. Аударулар мен ауыстырулар 
8.1. 
Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп: 
1) 
Қызметкердің жұмысының (еңбек қызметінің) ӛзгеруі, яғни басқа қызметті, 
мамандықты, кәсіпті, біліктілікті атқаруы; 
2) 
жұмысты орындау кезінде Шартпен ескертілген еңбек шарттарының ӛзгеруі (жалақы 
мӛлшері, жұмыс және демалыс уақытының тәртібі, жеңілдіктер және басқа жағдайлар); 
3) 
Жұмыс берушінің дараланған құрылымдық бӛлімшесіне ауысу; 
4) 
Жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысу. 
8.2. 
Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру Еңбек кодексімен кӛзделген жағдайлардан 
басқа Шартқа және Жұмыс берушінің актісіне тиісті ӛзгертулер енгізу арқылы жүргізіледі. 


27 
8.3. 
Ӛндірістік қажеттілікке байланысты, сонымен қатар жұмыста жоқ қызметкерді
уақытша ауыстырған жағдайда Қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір 
айға дейінгі мерзімге шартпен ескертілмеген және оның денсаулық жай-күйіне кайшы емес 
сол ұйымдағы, сол жердегі атқаратын жұмыс жалақысы бойынша, бірақ бұрынғы 
жұмысының орташа жалақысынан темен емес жұмысқа ауыстыруға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет