415
жетілдіру болып табылады.
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында
әдістемелік қызмет
педагогке оның кәсіби дамуына кӛмек кӛрсетуге бағытталған, ӛйткені оның
дұрыс ұйымдастырылуы әдістемелік қызметтің барлық субъектілерінің тиімді
кәсіби-әдістемелік қарым-қатынастарына байланысты.
Келесі критерийлер әдістемелік қызметтің негізі болып табылады:
- оқушылардың функционалдық сауаттылығы;
- авторлық әдістемелер (бірегейлігі);
- педагогтардыңы ӛз қызметіне қанағаттануы;
- педагогтердің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі.
Әдістемелік орталық/кабинет қызметін жоспарлаудың бастапқы кезеңі
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасына сәйкес 7 бағытқа бағдарлануы қажет, олар білім
берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдіскерлер мен педагогтардың
ӛзара іс-қимылының тиімділігін анықтайды. Атап айтсақ:
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
- Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
- Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
- Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану.
- Талантты және дарынды балаларды оқыту.
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
- Оқытуды басқару және кӛшбасшылық.
«Педагог
қызметкерлер
мен
оларға
теңестірілген
тұлғалардың
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338
бұйрығына сәйкес педагогтің «педагог», «педагог-модератор», «педагог-
сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер»
лауазымдық міндеттері
кӛрсетілген.
Жаңартылған білім беру жағдайында әдістемелік қызметтің бірінші
кезеңінде жоспарлау:
- мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерін зерттеумен;
- біліктілікті арттыру процесін жоспарлаумен;
- инновациялық қызмет саласындағы консалтингпен байланысты іс-
шараларды ұйымдастыруға және енгізуге бағытталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: