Жарық сәулесі
деп жарық көзінен энергия тарайтын бағытты
көрсететін түзу сызықты айтады
.
Бірнеше жарық сәулелерінің жиынынан
жарық шоғы
құралады.
Жарық шоғы
деп кеңістіктің шектелген аймағында тарайтын
жарық сәулелерінің жиынын айтады
.
Жарық шоқтары
параллель, шашыратылған
және
жинақталған
шоқтарға бөлінеді.
Жарық шоғының құрамындағы сәулелер олардың нүктелік центрінен
шығатын болса, ондай шоқ
шашыратылған жарық шоғы
деп аталады
(сурет 7.2,
а
).
Жарық шоғының құрамындағы сәулелер олардың нүкте лік центріне
қарай бағытталса, ондай шоқ
жинақталған жарық шоғы
деп аталады
(сурет 7.2,
ә
).
Жарық шоғының құрамындағы сәулелердің траекториялары қиы-
лыспайтын болса, ондай шоқ
параллель жарық шоғы
деп аталады
(су-
рет 7.2,
б
).
Жарық сәулесі басқа құрамдас элементтерге ыдырамайтын ең қа-
рапайым физикалық объект (нысан) болып табылады. Оның жарық шоғы
сияқты центрі жоқ, шашыратылған да, жинақталған да бола алмайды.
3.
Жарық сәулелері де, шоқтары да бір-біріне тәуелсіз тарайды.
Олардың бір-біріне тәуелсіз тарайтындығын қараңғы бөлмеде екі қалта
шамының жарық шоқтарын қиылыстыру арқылы байқай аламыз.
Өзара қиылысқан сәулелер де (сурет 7.1,
а
), шоқтар да (сурет 7.2,
в
)
біріне-бірі тәуелсіз өз бағыттарымен өте береді. Мұндай қасиет
Достарыңызбен бөлісу: |