183
Көз сәулелерді шашырай шағылдыратын кез келген дененің бетін
көреді. Өйткені көз тегіс емес беттен шағылған сәулелердің ішінен өзіне
тура бағытталғандарын ғана қабылдайды. Ал көзге түсетін мұндай
шағылған сәулелер дене бетінің әртүрлі нүктелерінен әртүрлі бұрышпен
келетіндіктен, көз оларды сол қалпында ажыратып көре алады.
5.
Көз жазық айнаның бетін көрмесе де, одан өзін немесе басқа
денелердің кескіндерін көреді дедік. Енді жазық айнада кескіндердің
қалай пайда болатынын төмендегі суреттерге сүйеніп көрсетейік.
Адамның да, жануарлардың да көздері денені одан шағылып, көзге
түзу
бойымен
тура түскен сәулелер арқылы көреді. Сондықтан да бір нәрсені
көру үшін оған бұрылып немесе басын көтеріп қарайды. Егер дененің
өз бетінен шағылған сәулелер көзге
түзу бойымен
тікелей түспесе, онда
көз ол денені көрмейді. Мысалы, 7.7,
а-
суретте көрсетілген шамды көз
көрмейді. Өйткені шамның өз бетінен шағылған сәулелер тікелей көзге
түспейді. Сол сияқты оң жақтағы суретте бізге тура қарап тұрған бала
да өзін-өзі көрмейді. Алайда жазық айнаның жәрдемімен тікелей көре
алмайтын дененің
жалған бейнесін
көз көре алады.
Жалған бейнелердің пайда болуын, бір жағынан, жарықтың
Достарыңызбен бөлісу: