3. Термодинамиканың екінші заңы деп қайтымсыздық процестеріне негізделген табиғат заңдарын айтады. Бұл заң табиғатта өз бетімен өте алатын процестердің бағытын
тура бағыт деп, ал өз бетімен өте алмайтын процестердің бағытын
кері бағыт деп ажыратуға мүмкіндік береді.
Термодинамиканың екінші заңы тура
бағытта өз бетімен өтетін процестерге шектеу қоймайды, тек процестер-
дің өз бетімен кері бағытта өтпейтіндігін көрсетіп, оған шектеу қояды.
Қайтымсыз процестер тура бағытта ерікті түрде өз бетімен жүреді; ал
оны кері бағытта жүзеге асыру үшін оған сыртқы денелер тарапынан
қосымша мәжбүрлеуші қарекет қажет болады.
4. Ғылыми әдебиеттерде термодинамиканың екінші заңы екі түрлі
нұсқада айтылып тұжырымдалады. Көптеген өмірлік тәжірибелер мен
жылулық құбылыстарда байқалған қайтымсыздық құбылыстарын жан-
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
72
жақты зерделей отырып, Р. Клаузиус 1850 жылы өз қорытындысын
қысқаша постулат түрінде тұжырымдады.