Алғы сөз
Публицистикалық тақырыпат – мақала мәтінінен бұрын
орналасып, оның мазмұнына ишара ететін күрделі құрылым.
Мақаланың оқылу-оқылмауы осы құрылымға тікелей байланысты.
Уақыт өткен сайын публицистика дамып, мерзімді басылымдардың
саны артқан сайын оқырман назарына деген «күрес» қызулана түсіп,
нәтижесінде мақала тақырыпаттары осыған сай түрлі өзгерістерді
бастан кешіруде. Осындай тілдік өзгерістерді назарға алып, терең
зерттеу лингвистикадағы өзекті де маңызды мәселелердің бірі болып
табылуда.
Бүгінгі күнге дейін баспасөз мақалаларының атаулары көбіне ۔
көп семантикалық, құрылымдық, номинативтік, коммуникативтік т.б.
қырлардан қарастырылып келді. Алайда публицистикалық
тақырыпат-
тардың
бұлардан басқа этникалық танымдық және оқырман санасына
әсер етушілік сынды прагматикалық қырлары да бар: бұлардың
отандық лингвистикада зерттелуі әлі күнге дейін кенжелеп қалып
отыр. Қазақ тіл білімінде газет тақырыпаты сияқты күрделі құрылым
турасынан аталмыш саладағы зерттеулерге бағытталған еңбектер
жоқтың қасы.
Публицистикалық тақырыпатты функционалды, прагматикалық
және этнокогнитивті тұрғыда зерттеудің өзектілігі публицистиканың,
соның ішінде, әсіресе, газет пен журналдардың қоғамдық санаға әсер
етудегі жоғары әлеуетіне, түрлі тілдік бірліктердің негізінде
оқырманға әр алуан ой тастап, түрлі қызметтер атқара білу қабілеті;
сондай-ақ тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде осы саладағы түбегейлі
өзгерістер мен заман ағымына сай жаңа үрдістердің көбеюі;
публицистикалық күрделі де сан қырлы құрылым – тақырыпаттың
белгілі бір әлеуметтік топтың санасында қалыптасқан әлемнің тілдік
бейнесінен көрініс беру қабілеті, оның ғаламның тілдік жаңалықтарынан
қалыс қалмай, жаһандану үрдісіне кеңелуі тұрғысынан аз зерттелуі
негіз болып табылады.
Жалпы зерттеу еңбегі қазақ тілі мамандарын дайындайтын
жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттеріне,
тілші мамандарға, жалпы көпшілік қауымға арналады.
|