Соңғы
онжылдықта
топаралық
конфликтілер
біздің
қоғамдық
ӛмірдің
күнделікті
құбылысына
айналды.
Кӛп
жағдайда
топаралық
конфликтіліктің
жандануының
арқасында
Ресейде
конфликтология жылдам дами бастады. Әр түрлі субьектілер бәсекелестікке түсті:
шағын және үлкен
еңбек ұжымдары, этникалық топтар мен басқа да ірі бірлестіктер:
әлеуметтік топтар мен таптар, діни бірлестіктер, партиялар мен бұқаралық қозғалыстар.
Осындай конфликтілердің әртүрлігіне
қарамастан, олар әдетте пайда болу мен
дамудың бірыңғай механизімдеріне ие. Топаралық конфликтілер мен ӛшпенділіктердің
пайда болу механизмдерін зерттеуге психологтар үлкен үлес қосты. Әр түрлі
психологиялық мектептердің (психоаналитикалық, необихевиористік,
когнитивті, іс-
әрекеттік) ӛкілдері топаралық конфликт механазмдерінің бірін оған үлкен
мән бере отырып дәлелдеді. Сондықтан топаралық конфликтілердің пайда
болу механизмдерін қарастыру кезінде келесі жағдайларды ескеру қажет. Әр түрлі
топаралық конфликтілерде олардың пайда болуының қандай да бір механизімі үстем
болуы мүмкін (Агеев, 1990).
Топаралық механизмдер тұлғааралық ӛзараәрекеттесудің
психологиялық механизмдер-
іне қарағанда анағұрлым кертартпа. Топаралық конфликтілердің пайда болуының негізгі
механизмдерінің ішінен топаралық ӛшпенділік; мүдделердің
обьективті конфликтісі;
топішіндегі фаворитизм сияқтыларды бӛліп кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: