26-сурет. Мойын ағзаларына операциялық бару жолдары. 1 – Z-тәрізді Дьяконовтың кесіндісі; 2 – Т-тәріздес Крайль кесіндісі; 3 – артқы қиғаш кесінді; 4, – Александер кесіндісі. Тереңде орналасқан абсцестерді (флегмоналарды) ашу операциялары барысында
косметикалық талаптарға аса көңіл бөлмеуге тура келеді, себебі тіндердің өте ісінуі
ағзалардың қабаттары мен шекараларын анықтауға мүмкіндік бермейді(27-сурет). Аса
қауіпті болып саналатын – ірі қантамыр – нервтік сабауларды зақымдап алудың алдын
алу үшін құрамалы тіліктер жасайды: теріге астындағы флюктуациялық тербеліс бар
жердің орта тұсымен «қалыпты» жағатәріздес тілік жасайды, одан соң жараның шеттерін
доғалтісті ілмектермен керіп ашады, тамырлар проекциясына сәйкес, ұзынша бағытта
жүлгелі зондтың бойымен келесі қабатқа тілік жасайды (немесе тұқыл құралдың
97
көмегімен келесі қабаттың арасын ашады), саусақпен іріңдік жиынтықтарды шығарады.