x= орташа отбасына қажетті мал саны
= 24 (жылқыға
айналдырғанда); y
= бір бас малға 12 айда қажетті жер көлемі (десятинада); Осы
шыққан сандарды көбейту арқылы қажетті жер «нормасы» шығарылды.
Жалпы Ф. Щербина басқарған 7 жылдық зерттеу жұмыстары Ақмола
облысының – Көкшетау, Атбасар, Омбы, Ақмола, Петропавл уездері, Семей
облысының – Павлодар, Қарқаралы, Зайсан, ¤скемен, Семей уездері және
Торғай облысының – Қостанай, Ақтөбе уездерін қамтыды.
Деректің пайда болуына әсер еткен сыртқы факторлар мен туындаған
қиындықтар деректің обьективтілігі мен шынайылығына әсер ететіні хақ. ¤з
кезегінде Ф. Щербина зерттеу жұмыстары кезіндегі туындаған қиыншылықтар
мен кемшіліктерді де атап көрсетті. Оның ішінде:
1. Жердің кеңдігі, көшіп-қонуға көп уақыт пен күш қажет етті;
2. Зерттеушілердің қазақ тілін білмеуі, ортада үшінші (аудармашы) адам
арқылы сұрау жүргізуді талап етті;
3. Зерттелінетін өңірдің белгісіздігі; Бұл мәселелердің әрқайсысы және
барлығы қосылғанда шын мәнінде жұмыстың тез аяқталуын тежеді, - деп
көрсеткен болатын.