Орал уезі:
Қараобын,
Бөрілі, Шыңғырлау, Қарашағанақ,
Қараағаш, Шелек, Жиренкөпен, Жамбейіт болыстары 1904-1906 жж. зерттеуге
алынса, 1904-1907 жж. Темір уезінің: Темір-¦рқаш, Ембі-Темір, Қалмақ-қырған,
Қарағанды, Қилы-үйіл, Құнды-үйіл, Қазбец, Жетікөл, ‡йіл, Қайынды,
Жиделісағыз, Ембі, ¦ймағұт-жылытау, Самматай, ¦лы-Сам, Доңыз-тау-
ақкөлкен болыстары, 1912 жылы
Ілбішін уезінің:
Жұбанышкөл, ¤ріктікөл,
Шалқар, Құрайыл, Қарасу, Бұлдыртын, ¤лентін, Мәтеш, Қалдығайтын,
Сабынкөл, Сұналын, Қызылжар, Жақсыбай, Қаракөл, Індер атты болыстар
зерттелінді.
Торғай облысының 1908 ж. Торғай уезі: Наурызым-1, Наурызым-2, Тосын,
Сары-копен, Шубала, Қаракөген, Қара-Торғай, Сары-Торғай, Қайдауыл, Аққұм,
Қызылжігіл, 1909 ж. Қостанай уезінің: Кенарал, Меңдіқара, Қарабалық, Аят,
Дамбар, Жылқуар, Сүйіндік, Жетіқара, Қумақ, Аққарға, Бестөбе, Аманқарағай,
Арақарағай, Убаған, Сарыой, Шұбар, 1910 ж Ақтөбе уезі: Бөрте-1, Бөрте-2,
Бөрлі, Єлімбет, Тереклі, Аралтөбе, Тұзтөбе, Илек, Қаратоғай, Ақтөбе, Хобды,
Қарахобды, Бестамақ, ¦йсылқара, 1911 Ырғыз уезі: Талдық, Бақсай, Қызылжар,
Аманкөл, Кенжеқарын, Тәуіп, Тереклі, Тулағай, Темір-Астау, Қарасай,
Шынғыл, Қабырға, Ордақонған, Құланды барлығы 94 болыс зерттелінді. Бұл
32
деректің пайда болу уақытына қарай хронологиялық ерекшелігінен туындаған
сыныптау болды.
Зерттеу аймағының ерекшелігіне сай Ф. Щербина басқарған Ақмола,
Семей, Торғай облыстарын зерттеген экспедиция материалдары сәйкесінше осы
өңірлердің тарихына арналды. Ал П. Хворостанский басқарған Орал-Торғай
облыстарын зерттеу партиясы Торғай, Ырғыз, Қостанай, Ақтөбе, Ілбішін, Орал,
Темір уездерінің тарихынан құнды мағлұматтар береді.
Сыр-Дария облысында П. Скрыплев басқарған зерттеген партиясының
жинаған «ҚЖПМ» Қазақстанның Шымкент, Қазалы, Перовск, Єулиеата
уездерінің шаруашылығынан, әлеуметтік тарихынан, биологиясы мен
геодезиясынан құнды мәліметтер беруімен де ерекшеленеді. Бұл үш зерттеу
әртүрлі кезеңде, үш түрлі аймақты қамтыды. Бірақта жинаған материалдары
«ҚЖПМ» деп аталып, ішкі және сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсас
болды. Бұл әр бір деректің пайда болған жерінің (жағрафиялық) ерекшелігіне
сай сыныптау.
Сонымен қатар «ҚЖПМ» тақырыптары мен мазмұнына қарай сыныптау
тәсілін пайдалануға болады. Оларды мазмұны жағынан:
- Тарихи;
- Демографиялық;
- Этнографиялық;
- Шаруашылық: мал өсіру, егін егу;
- Агромәдени және агротехникалық;
- Єлеуметтік-экономикалық;
- Топографиялық;
- Гидрогеологиялық;
- Жерді пайдалану;
- Генеологиялық, ру-тайпалық;
- Биологиялық;
- Географиялық т.т. арналған мәліметтер деп сыныптауға болады. Єрине,
оның бәрі шартты түрдегі сыныптаулар екендігі түсінікті. ¤йткені, «ҚЖПМ»
XIX ғ. соңы - XX ғ. басындағы қазақ қоғамы тарихының әртүрлі салаларын
қамтиді. Сондықтан да олардан әралуан мәселелер бойынша маңызды
мәліметтер алуға болады. Дегенмен шартты сыныптаудың өзі де зерттеушіге
зерттеу мақсатына сай өз керегін табуға көмектесері күмәнсіз.
Пайда болу формасы жағынан да «ҚЖПМ» әралуан болып келеді. Олар:
статистикалық, картографиялық, есептер мен баяндау сипатында кездеседі.
Олардың әрқайсысы да өздерінің ерекшелігіне сай деректанулық талдау
тәсілдерін қолдануды қажет етеді. Мәселен, біздің зерттеу обьектіміз болған
деректе карта, статистикалық таблицалардың өзін олардың ерекшелігінен шыға
отырып, өзіне тән түрлі әдіс-тәсілдермен зерттеуді қажет ететін ғылымның бір
саласын құрайды.
«ҚЖПМ» қазақтардың ру-тайпалық құрылымы тарихының дерек көзі
ретінде сақталу формасы жағынан да әртүрлі. «ҚЖПМ» негізінен ескі орыс
әрпімен жазылып, арнайы баспадан жарыққа шыққан дерек көзі. Бүгінгі таңда
оның түпнұсқа кітап түрі және микрофиша мен микрофильмге түсірілген
33
түрлері сақталған. ¦лттық кітапхананың сирек қорында «ҚЖПМ» кітап және
микроафиша түрлері сақталған. Єрине, «ҚЖПМ» кітап түрінде түпнұсқа болып
есептеледі. ¤йткені, микрофиша мен микрофильмдерге түсіру Кеңес үкіметі
тұсында қолға алынғаны белгілі. Мәселен, «ҚЖПМ» Сыр-Дария облысы
Єулиеата уезіне арналған 1911 ж. Ташкентте жарық көрген деректі кейіннен
М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы (Ленинград қаласы, Садовая 18) көпшілік
оқырманға арналған кітапханада микрофишаға түсірген. Бірақта қай жылы
түсірілгендігі туралы мәлімет жоқ. Сонымен қатар кейде түпнұсқа деректің
дұрыс емес сақталуының өзі көпшілікке өзіне қажетті мәліметтерді алуға
кедергі келтіреді. Мәселен, «ҚЖПМ» Сыр-Дария облысы Шымкент уезіне
арналған 1 томының кіріспесінің 2 беті жоқ. Онда деректі құрастырушылар
туралы құнды мәлімет сақталғандығы анық. Бұл олқылық осы томды
микрофильмге түсіргенде де кеткен. Ал ҚР ОММ сақталған черновой
құжаттардан біз оны толықтырып алдық. Єрине, бұл қате бастапқыда
типографиядан да кетуі мүмкін. Ал микрофишаға түсүрушілер оны байқамай
немесе жоқ беттерді таба алмай, сол күйінде сақтаған. Дегенмен микрофишалар
көп сақталмайды. Оның мерзімі 3-7 жыл. Ал біздің кітапханаларда олар уақыты
өтсе де қаншама жылдардан бері сақталып келеді. Бұл дерек көзін түбегейлі
жоғалтып алмау үшін, оларды жаңа техникалық құралдармен электронды
ақпараттарды сақтаушыларға ауыстыру қажеттілігін де атап өту керек.
Ал Орталық ¦лттық кітапханада «ҚЖПМ» тек кітап түрінде сақталынған.
ҚР орталық мұрағатының қорларында «ҚЖПМ» толық емес черновой
материалдарын табуға болады. Олар түпнұсқа деректің жыртылған немесе
типографияда шығарылғанда қалып кеткен беттерін қалпына келтіруге
көмектеседі.
¦лттық кітапханада сақталған «ҚЖПМ» 1930 ж. кейін жақсы жинақталған.
Мәселен, деректің кейбіреулері кезінде Єл-Фараби атындағы Қазақ ¦лттық
Университетінің (қазіргі атауын беріп отырмыз) кітапханаларында сақталған
екен. Оның дәлелі ретінде Қаз¦У мөрлерін айтуға болады. 1930 ж. Пушкин
атындағы орталық кітапханаға барлық сирек кездесетін кітаптарды жинағанда,
бұл деректер де университет қабырғасынан осында әкелінген болар деп
тұжырымдауға негіз бар.
ҚР ОММ «Акмолинско-Семипалатинское управление земледелия и
государственных имуществ» деп аталатын № 501 қорда 695 бірлік сақталған.
Оның 2 тізбе, 33 ісі «Переписка с департаментом государственных имуществ о
хранений материалов экспедиции по исследованию степных областей 1903-1905
гг.» деп аталады. Бұл құжатта өте қызықты, әрі деректануда деректің
түпнұсқалық мәселесін шешуге көмектесетін мәліметтер сақталған. Барлығы 25
парақта жинақталған құжатта Ақмола, Семей, Торғай облыстарының 12 уезін
зерттеген Ф.А. Щербинаның экспедициясы 1901 ж. емес, 1903 ж. аяқталғанын
дәлелдейтін ресми хаттар сақталынған. Сонымен қатар, экспедиция
аяқталғаннан кейінгі зерттеудің нәтижесінде жинақталған материалдар туралы
1903 ж. 28 тамызда Омбыдағы Мемлекеттік мүлік басқармасына жіберілген
мына бір хаттан білуге болады: «Ввиду того, что экспедиция по изследованию
Степных областей в непродолжительном времени прекращает свою
34
деятельность, Департамент Государственных Земельных имуществ поручает
Омскому управлению на хранение все собранные и уже использованные
экспедициею материалы всего около 100 пудов в 7 сундуках», - делінген.
Далалы
облыстарды
зерттеген
экспедицияның
жинақтаған
материалдарының біразы «Материалы по киргизскому землепользованию...» деп
аталатын кітап болып басылып шыққан. Бұл жалпы 12 уезге арналған 12
кітаптан және 13-ші қосымша жалпы бюджетке арналған кітаптан тұрады.
Алайда 1905 ж. оның тек 8 томы ғана басылып үлгергенімен, сақтауда тек 5
томы ғана болған. Олардың ішінде:
Атбасар уезі бойынша - 102 дана;
Қостанай уезі – 213 дана;
Омбы уезі – 137 дана;
Ақтөбе уезі – 160 дана;
Павлодар уезі – 223 дана.
Барлығы 835 дана.
Төмендегі кестеде көрсетілгендей Ф. Щербина басқарған экспедицияның
нәтижесінде әр жылдары, әртүрлі қалаларда басылып шыққан 13 томдық
«ҚЖПМ» жинаған экспедициясының материалдары Воронеж, Омбы, Чернигов,
Санкт-Петербург қалаларында 4 түрлі баспада басылып шыққан. Оларды
жинаған зерттеушілер мен редакторлары да әртүрлі адамдар болды.
Достарыңызбен бөлісу: |