Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»



бет20/23
Дата27.12.2016
өлшемі8,07 Mb.
#6291
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Зибаджан. Зипажан (зибад + жан).

Зибагол, Зибагүл (Зиба + гол). Шай құйып отырған Зибагүл ернін бір тамсанып, әңгімеге араласты (Ғ. Мустафин).

Саман, Сәмен. Байлық, жақсы тұрмыс, молшылық; қорек, тамащ, ауқат; құдірет, күш, қуат; тәртіп, тәртіптеу; тыныштық; шек, шекара; мақсат. Сол елден Сәмен дейтін бір жігіт бар, қүрбылас әлгі қызбен жас шамасы. Ажары жай оғындай жалындаған, Туыста қасқабақты ер тұлғасы (Әсет). Аға сұлтан Сәменнің сөзін оған тегіс айтып берді де, ойын тұжыра бұйрық берді (I. Есенберлин).

Салмәнд, Салмен (Сал + мәнд). Есейген, ер жеткен; сақа, үлкен, естияр. Рахметолла Сәлменов (1900—1960) — жарқын да өзіндік дарын иесі. Ол өзінің 35 жылдық творчестволық қызметінде Қазақ академиялық театрының сахнасында қойылған ондаған спектакльдерде тамаша бейнелер жасады («С. Қ.»).

Сайә, Сая. Қөлеңке, қорғаныш, щорғау, сақтау;қорғаушы, қамқоршы. Сая ақ үрпек балапан қүсқа парапар еді (Д. Досжанов). Қорыққа барсаңыз мені ала кетпейсіз бе?—деді Сая ұялшақтап (Д. Досжанов).

(п —қ) Сайябәк, Саябек (Сайә + бэк). Саябексөзге ағып тұр (Ғ. Мустафин).



Сәрджан, Саржан, Сержан (сәр + джан). Балтабай аулынан — «қара қасқа сорлылардың» қатарына қосылатын Әстемірдің Қалтеңбас Ғабдеші, Сар­жан қажының үзын әскері жүр (С. Мұқанов).— Мар­кин жалғыз емес, бригадир Саржанов үшеуіміз бардық кой (Ғ. Мүсірепов).

Сәрхуджә, Серқожа (сәр + худжә).

Сәрқазий, Серқазы (сәр + цазий).

(п — к) Сәрдарбек, Сардарбек (Сардарбек). Ала көз, қауға сақал қалған ұстап, Сардарбек қаһарлы үнмен салған қыспақ, Алдында тас босаға, сәкі-тастан Мұрап тұр су ағынын қырға нұсқап (С. Бегалин).



Сәруер, Сәруар (сәр + уар). Басқарушы, жетекші, көрнекті адам.осы қалаға келдім де, Саруардың керуен сарайына түстім («Мың бір түн»). Саруар Ташанов екі класты (алты жылдық) училищені... аяқтап келіпті (С. Мұқанов).

Сәрә, Сара. Таза араласпаған, сурыптап алын-ған; толық бағалы ақша. Адамнан артық туған Сара саңлақ, Сарадай оңай емес ақын болмақ (Әріп).

Сәрәгол, Сарыгүл (сәрә + гол). Осындай ұмытпас арпалыс күндерде, Сарыгүл дейтін қыз бір болды бұл жерде, Партизан батырдың семьясы өсірген, жауынгер жас еді, тең құрбы біздерге (А. Тоқмағамбетов).

(a — п) Сағиджан, Сағитжан (сағи + + джан). Өзге жағыңды, іскерлігіңді қайтейін, Сағитжан,—деп аңтарылып қалды Уәли (Ғ. Сланов).

(a — п) Солтанхуджә, Сұлтанқожа (солтан + худжә). Майлықожа Сүлтанқожаүлы (1898— 1935) — Шымкент облысы Сарыағаш ауданында туған. Шығыс әдебиетінің үлгілерін жақсы білген ақын («Ай­тыс»).

(a — п) Сәлимджан, Сәлімжан (сәлим + джан).

(a — п) Сәлимгирай, Сәлімкерей (сәлим + гирай). Шын, адал, жақсы, мінсіз тілек, Қырым хандарының лақап атақтары.

Сүгір, Сүгір, Қорғаушы, қамқоршы қумар. әуес. Қазақтың көзі тірі талай жыраулары бар, олардың шішен Сүгір жырауды атап айтуға болады («С. Ә. Т.»). Колхоздың осы у-шуын естіген, сол «басқарма» мен құшақтасып алған Есілбай мен Сүгір молдалар құрдай жорғалап жүріп, көк үйге кіріп те шыққан... (Ғ. Мүсірепов).

(a — п) Сүгірғәлий, Сүгірәлі (Сүгір + + ғәлий) Манағы Бұланбайға Жұман жағының Сүгірәлі дейтін балуан жігіті кездесті де, екеуі оңаша сілкілесіп кетті (Ғ. Мүсірепов).



Сәшәнбә, Сейсенбі. Үшінші сенбі, цазіргі календарь бойынша аптаның бесінші күнінің аты. Сейсенбі Дәуғарин — Социалистік Еқбек Ері, атақты жылқышы.

(а — п) Сәшәнбәбек, Сейсенбек (сәшәнбә + бек).

(а — п) Сәйджан, Сейітжан (сәйд + жан). Көп болса үй жете ме, орын жете ме? — Әйткенмен бар,— деді отағасы. — Тайбек, Боранкүл, Сейітжан төртеуі қара тақтайдың да үстінен түспейді (Ғ. Мұстафин). Бұл жинақта Гүлсім Сейітжанованың лирикалық өлеңдерінен үзінді берілген («Қ. Ә.»).

(а — п) Сәидгирай, Сейіткерей (сәид+ + гирай). Сейіткерей де сонда оқыған. «Медресе Галияда» (С. Мұқанов).

Шадман, Шадман. Көңілді, қуанышты.

Шади, Шады. Шәді. Шаттық, жайдарылыщ, көңіл көтерушілік. Шәді төре Жангіров (1865-1931) — Шымкенттен шыққан ақын. Керейіт Шәді Сеңгірбайұлы (1890-1933) — қызылордалық ақын («Айтыс»). Сен өзің сері адамсың, қыз сенікі, «Қой!» дерміз, саған біреу пәлен десе. Балдызың Шәді қари шалды азырақ, сен де ор егініңді сепкен, пice (М. Сеңгірбайұлы).

(п —к) Шадибәк, Шадыбек, Шәдібек (ша­ди +бәк).



Шагирд, Шәкірт. Үстаның, шебердің жәрдемшісі, оқушысы. Шәкірт —үш Даңқ орденіңің кавалері Кемер Оңғаловтың үлкен ұлы (Ә. Нұрмағамбетов).

(п —а) Шаһәхмәд, Шахмет, Шаяхмет (шаһ + әхмәд). Шахмет Хұсайынов әдебиеттің ең қиын формасы — драматургия саласьшда ұзақ жылдар бойы үзбей еңбек етіп келеді (Ә. Нұрмағамбетов).



Шаһан, Шаһан, Шақан, «Шаһ» сөзінің кәпше түрі.

Шаһбәз, Шаһбаз, Сабаз (Шаһ + баз). Сұңқар, ауыс. Сұлу көрікті, әдемі, ер, азамат, қайрымды.

(п — қ) Шаһбәк, Шәйбек (шаһ + бек).



Шаһизад, Шаһзат, Шаһизат, Шакизат (Шаһи + зад). Шаһ тұқымынан, шаһ баласы. Үйде кішкентай Шәкізат қана қалған (Д. Әбілев).

Шаһзадә, Шаһзада, Шаһизада (Шаһи + задә). Патшаның, шаһтың ұлы.

(п —а) Шаһкәрим, Шаһкәрім (Шаһ + кәрим).



Шаһман, Шаһман, Шахман (Шаһ+ман).

(п — а) Шаһморад, Шаһмұрат, Шаймұрат (шаһ+морад).



Шаһмәрдан, Шахмардан, Шаймерден, Шаһимерден (шаһ + мәрдан). Ер жүректердің, батырлардың патшасы, (ескіше Әзірет Әлінің теңеуі аңыздағы батырлардың қамқоршысы «пірі»). Дұшпанның жарағынша мүлжәм қылған Қазірет Шаһимерденнің жолын берсін (Ақан сері). Балаларының бәрі Шәймерденге тартыпты (С. Мұқанов).

(п —а) Шайнәзәр, Шаһназар, Шахназар (Шаһ + нәзәр).



(п —а) Шаһнур, Шаһнұр, Шайнұр (Шаһ + нұр).

(п —а) Шаһибай, Шақабай (Шаһи + бай).



Шаһиджан, Шақажан (шаһи + джан).

Шаһизад, Шаһизат, Шәкизәт, Шәкізат (шаһи + зад).

Шаһигол, Шайгүл (шаһи + гол). Шаһ гүлі, патша гүлі, қанны (гүл).

Шәкәр, Шекер, Секер. Қант (құм шекер). Көптен үндемей, әдеп сақтап жүрген Шекер тап осы жерде бас көтергені ғой (Б. Майлин).

(п— қ) Шәкербек, Шекербек (шәкер + бек).

(а — п) Шәмғджан, Шамжан (шәмғ + джан).

Шәнбә, Сенбі. Қазіргі календарь бойынша жұма мен жексенбі аралығындағы апта ішіндегі алтыншы күн.

Шәһр, Шаһар, Шахар. Қала, үлкен қала. Орын мен Шахар түкті кілем, алаша, қоржын, бау-басқұр да ұлттық бұйымдарды тоқитын ою-өрнегінің шеберлері (С. Керімбаев, Қ. Асаубаев). Шахар Қалмырзаев (1876—1934) талай айтыстарға қатысты, Сыр бойынан, ақын («Айтыс»).

Шәһрбан, Шәрбан (Шәһр + бан). Қала бастығы, дуан басы.

Шәһрбану, Шарбаиу (шәһр + бану). Ұлсыз бастықтың мұрагері болу, оның мол байлығына пелік ету ниетімен Шарбануға үйленіп қайын атасының қолында жүрген күшік күйеу Шуақтың қияңқы қылығы, айла-шарғысы әшкереленді (А. Нағыметов).

Шәһрдар, Шәрдар (шәһрудар). К,аланың, бастығы.

(п — қ) Шәһрдарбек, Шардарбек (шаһрдар + бек).



Ширази, Ширази. Бақыт, ырыс, қуаныш, сүйінші. Шираз қаласының түрғыны, шираздық. Сағдидің әкесі Мүллихаддин Ширази діни кызметте болған (Б. Наурызбаев). Ал Хафиз — оның лақап (бүркеніш) аты. Ширази деп аталуы ақыннық Шираз қаласында туып-өскендігін білдіреді (Б. Ысқақов).

(п —к) Ширхан, Шерхан (шир + хан).

I — (п — а) Ширғәлий, Шерәлі, Шерғали (шир + ғалий).

ІІ — (п — а) Ширғәлий, Серәлі, Серғали (Шир + ғалий). Мұхамеджанның әкесі Серәлі де, атасы Тұрсынбай да кезінде ақындық өнермен машықтанып, ел ішінде ақын атанған адамдар болса керек («Қ. Ә.»).

(п — а) Ширмохәммәд, Шермұхамбет (шир + мохәммед).

Ширнияз, Шернияз (шир + ниаз). Шернияз Жарылғасұлы (1817—1881) — ақын әрі шешен (Б. Адамбаев). Қарағай, шаңқаз мойын. Домбыра алған Шөжеден. Шернияз, Бұқар, Сүйінбай жыр бабасы демеген (Н. Ахметбеков).

Ширин, Шырын. Тәтті, сүйкімді, үнамды, жағымды, жақын, жақсы, сыпайы. Өзінің сұлу достарын ертіп, дарияны көруге Шырын келді (Айбек). Шын жүрекке шоғы түссе Қайдан түрсын білінбей. Бірақ, сүйген ала ма еске Фархат пенен Шырындай («Мың бір түн»).

(п— қ) Ширинбек, Шырынбек (ширин + бек). Қастарына бардым, біріп таныдым: өзіміздің парторг Сарнев Шырынбек (Ж. Жүмаханов).



Ширингол, Шырынгүл (ширин + гол). Әсіресе, Мадияр мен Балзияның, Шырынгүл рыстарына үніліп, терең көрсетуге ден қойған («Қ. Ә.»). Мұнда ол даңқты Шырынкүл Қазанбаева апайдың есіміне қанық (Б. Әбдіразақов).

(a — п) Сабирджан, Сабыржан (сабирджан). Сабыржан Ғаббасов (1889—1918) — Семей уезінде Совет өкіметін орнату жолында белсенді күрескен большевик-революционер, азамат соғысының батыры, ақтардың қолынан қаза тапқан (Қ. Қ.).

(a — п) Сахибгирай, Сақыпкерей (сахиб + гирай). Қозкенің өзі, Сақыпкерей тағы соларды қолдайтын атқамінерлер отыр, араларында езіме таныс Досан қары (С. Мутное). Сібірден қайта оралған сту­дент Сақыпкерей Арғыншиев Оралдың алғашқы қарлығаштарына қанат ала келіпті (У. Қыдырханов).

(a — п) Сәмәдджан, Саматжан (сәмәд + джан).

(а — п) Зиагол, Зиягүл, Зиякүл (зиа + гол). Бүгінгі нөмерде Алматы кондитер фабрикасының озат жұмысшысы Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты Зиякүл Төлегенова туралы очерк жариялап отырмыз («С. Қ.»). Зиякүл, Зиякүл!.. Ей мынау сенсің ғой... Социалистік Еңбек Ерінің атағын алыпсың сен,—дейді Бектен (X. Ерғалиев).



Тути, Тоты. Қауырсыны түрлі түсті жылы жақтың құсы. Сыртта домбыра мен гитараға қосылып әндеткен Тоты, цығанның қыздары мен жігіттері, оларға еліккен ауылдың жастары келе жатыр (Ш. Хусаинов).

Тила, Ділда, Ділда.. Алтын, алтын ақша. Ұмыттың ба, балам, бүгін жеңіс күні. Әшекей атылатын күн емес пе... Соны көрейін деп отырмын, деді Ділда (Ә. Тәжібаев). Ділданың кейін дұшпандардың жауыздығын көрген соң қатесін уғынып, баласы Жантастың жағына шығуы нанымды көрсетілген («Қ. Ә. Т.»).

(п — қ) Тилабай, Ділдабай (тила + бай). Ділдабайдың өзін іздесең, көгендеген қойлардың арасынан табасың (С. Мутное). Шайдың соңына таман іліккен Қалует:— Ділдабай!— деп тоқтап еді, әуелі (Ғ. Сланов).

(п —қ) Тилабек, Ділдәбек, Ділдебек (тила+бек). «Шолақтау» совхозының мал дәрігері Аманжол Ділдебеков әрдайым малшылар арасында болып, оларға жаңалық жеткізіп отырады (Т. Кенжебаев).

(п — к). Тилахан, Ділдахан, Ділдехан (ти­ла+хан). Ділдаханның екі қызы бар, екеуі де ауызға үріп салғандай әдемі (С. Ұлұғзада).



Тилагол, Ділдәгүл, Ділдагүл (тила + гол). Алтын гүл.

(a — п) Ғадилджан, Әділжан (ғадил + джан). Әділ адам, тура кісі. Әділжан бейнесі Павел Корчагин мен Мересьев тағдыры тақылеттес. Әйткен-менен өзіндік бөбек характері, әрекет аясы бар Әділжан образы — анық қазақ топырағында туған қаһарман тұлға («Қ. Ә. Т.»).

(а —п) Ғақлджан, Ақылжан (ғакл+джан).

(a — п) Ғалимджан, Ғалымжан, Әлімжан (ғалим + джан). Неғметжанның баласы Ғалымжан емен екен (С. Мұқанов). Ауылдың ақсақалы Әлімжан шал, Жастарға атқа мінген айтты ақыл:— Қорқатын, күрмелетін дәнеңе жоқ, Малым жоқ деп бәріңде отырып ал! (Қ. Әзірбаев).

(a — п) Ғалымхуджә, Ғалымқожа, Әлімқожа (ғалым + худжә).

(а — п) Ғәлийшир, Әлішер (ғәлий +шир). Әрі арыстан (Әзірет Әлінің теңеу атағы). Өзбек классикалық әдебиетінің мақтанышы —XV ға-сырдың ұлы гуманисі Әлішер Науаи есімі бүкіл әлемге аян. Оның шығармалары ескі өзбек әдебиетінің асқар шыңы (Т. Сұлтанов).

(а — п) Ғидджан, Айтжан (ғид + джан). Менің нағашы журағатым Айтжан деген әнші жігіт Исанын, да, Майраның да әндерін нәшіне келтіре құлпыртып салатын (Қ. Бекхожин).— Аптықпа!—деді Шығанақ,— Айтжанға келгенде (Ғ. Мұстафин).

(а — п) Ғидхуджә, Айтқожа (ғид + худжә). Айтқожаның қулығы сені елірткен, Бір дем салса, күшіктей соңына ерткен. Менін, терім тарылып келе жа­тыр. Бұрын кісім емес, ең жалғыз шерткен (Абай). М. Айтхожина — талантты ақын («Қ. Ә.»).

(a — п) Ғайшәбиби, Айшабибі, Қайша-бибі, (ғайша + бибі). Айшабибі мазары түгел шынылы үй-пансионмен қоршалып, оның қалған тұрқы сақталуына жақсы жағдай жасалды (Ә. Доспанбетов). Сәулет өнерінің біздің уақытымызға дейін сақталып кел­ген тамаша шығармаларына Жамбыл түбіндегі Айша-бибі, Бабаджиқатын мазарлары кіреді («Қазақ ССР тарихы»).

(a — п) Ғайшәгол, Айшагүл, Ғайшагүл (ғайшә + гол).

(a — п) Ғәбдкей, Әбдікей (ғәбд + кей). Құл патша, батыр құл. Әбдікей тағы «Әбіл, қоя тұр, бөгде сөзді!» деп келе жатқанда: — Жә, тұра тұршы, ділмарсымай,— деп жекіп тастады Әбіл (С. Мұқанов).

(a — п) Ғатахуджә, Атахожа (гәта +худоюә).

(a — п) Ғәтаниаз, Атанияз (ғәта + ниаз).

(a — п) Ғалиджан, Қалижан (Ғалид + + жан). Қалижан Бекқожин — Қазақ совет поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі («Қ. Ә. Т.»).



(a — п) Ғисаджан, Исажан (ғиса + джан).

(a — п) Ғаибйаран, Қайыберен (ғаиб + йаран). Дін ұғымынша ғайып болған, жасырын жүрген достар, сүйіктілер, жәрдемшілер.



Ғәзни, Ғазни (ғәзн + и).

(a — п) Фазилджан, Фазылжан (фазил+джан).



Фәрман, Парман, Пәрмен, Пірман. Бұйрық, әмір, жарлық, рескрипт (патшаның жоғарғы дәрежелі кісіге алғыс айтып жазған хаты). Таудан тасып топан ақса, әлек салса тілсіз жау, Сәнді үйлерді, бақшаларды қиратса, Дүлей топан өткен соң, Қайтер едік, ағайын? Отырар ма едік үміт үзіп емірден?—деді Пәрмен (Ә. Тәжібаев). Пәрмен, Жомарттың өз бойындағы өнеріне ерлігі мен батылдығы, батырлығы қосарланып, гармониялық тұтастық тапқан («Т. Ә. Т.»).

(а —п) Қорбанджан, Құрбанжан (қорбан-джан).

(а —п) Қорбанхуджә, Құрманқожа (қорбан + худжә).

(а — п) Кәсимджан, Қасымжан (кәсим + джан).

(a — п) Кәләмгол, Қаламгүл (кәләм + гол). Менің көргенімді жан адамның басына бермесін,— деп Қаламкүл зарезеп болады (Қ. Қасымбеков).

(к —п) Қалмирза, Қалмырза (қал + мирза).

(а —п). Қәһрман, Қаһарман (қәһр + ман). Озғын, жеңген, ер, батыр; ең күшті, ең құдіретті.

Кағәз, Қағаз. Хат жазу үиіін ағаштан я шүберектен жасалған материал.

(п —қ) Кағәзбек, Қағазбек (кағәз + бек).

(п — қ) Какәлбай, Кекілбай (какәл + бай).

(п — қ) Канбай, Кенбай (кан + бай). Молдахмет Кенбаев — Қазақстанның белгілі суретшісі («Қ. Ә.»). «Ауылыңнан қыз кеткен соң қызық кетер, тарқаған жәрмеңкенің базарындай» деп жүрген Кенбай менің інім (Ғ. Сланов).



Корбоз*, Кербез*. Сұм, алааяқ, желаяқ, қу, жылпос, кезеп, суайт, сәнқой, сырбаз. Күйменің іші — Жібек, Кербез, бір-екі қыз... (Ғ. Мүсірепов). Кенебай, Кербез сұлу елге келіп, Кір жуып, кіндік кескен жерге келіп, Екеуі оншақты жыл дәурен сүрді, Балалы-шағалы боп ойнап-күліп (К. Әзірбаев).

Кәлан, Кәлан. Үлкен, ұлы, дәуір. Еламан, ба­рана бір көргеннен-ақ бәйгі күреңнің бұл өңірдің жылқысынан түрі бөлек екенін аңғарғанды. Шамасы, сірә, бул ат та Кәлен қолынан шыққан болар деп ойлады. (Ә. Нүрпейісов).

(п — қ) Кәмпирбай, Кемпірбай (кәмпир + бай). Кемпірбай — Шөже, Жәмшібай, Әсет сияқты белгілі ақындармен талай додаға түскен қазақтың ақыны («Айтыс»).



Кәмха, Қамқа. Жібек матаның бір турі (қытай жібегі). Сахнаның інжу-маржаны «Қыз Жібек» операсының мыңыншы рет қойылуында Қамқа ролік Ү. Тұрдықұлова орындады («С. Қ.»).

Кәмәр, Кемер. Бел, белдік, белдеу.

(п — қ) Қомәкбай, Көмекбай (қомәк + бай).



Кәнгаш, Кеңес. Совет, ақыл, мәслихат. Ұлы күн шығардан бұрын да жарығын түсіреді. Сондай бір шығар күннің белгісі сияқтанып «Кеңес» туды (Ғ. Мүсірепов). Кеңестің әке-шешесі рақат өмірдің құшағында еді (М. Иманжанов).

(п —қ) Кәнғашгай, Кеңесбай (Кәнгаш + бай). Кеңесбаев I. К.— Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

(п — қ) Кәнгашбәк, Кеңесбек (кәнгашбек). Наку басқадай ойда еді. Оның алғашқы бір тіл табысын, сыр шертіскеи Кеңесбек деген жігіт ақын болатын. Іші-сырты бірдей сұлу жан еді (Ж. Жұмаханов).

Кәнгашджан, Кеңесжан (кәнгаш + уджан).

Кәнгашгол, Кеңесгүл (кәнгаш + гол).

(қ —п) Кукаджан*, Көкежан* (кука + уджан). Еркелету, сыйлау, құрметтеу ретінде қолданылады. Көкежан дейтін байдың болыс сайлануында Әріп наразы болады да, сайлаушыларды оған қарсы үгіттейді («К. Ә. Т.»).

(қ —п) Күанымджан, Күнімжан (куным+джан). Күнімжанның үстінде шытырма ақ жібек көйлек, көгілдір торқа оқалы камзол, оның сыртынан шетін құндызбен әдіптеген дүрия қызыл шапан, басында ақ меруерт өрген, алтын теңгелері көзіне түсе салбыраған қызыл барқыт сәукеле (I. Есенберлин).

(п —а) Кәйқухад, Кейқуат (Кәй + қуад). Көсем патша, қолбасшы патша, жетекші патша. Фаридон менен, Кәйқуат, Шахлардың шахы қойған ат, Атақты ғалым Қәуян, Әлемнен, кәні, іздеп тап! («Мың бір тун»).



Ғирай, Герей, Керей. Тілек, ықылас, бейімділік.

Ғәллаш, Күлаш, Гүләш. Гүлдену, шеиіек ату, өркендеу, жетілу, толықсу. Күләш — СССР халық артисткасы, еліміздің бұлбұлы, қазақтың аса ардақты қызы. Күләш Байсеитованың бойына бүл екі өнер бірдей дарыған (С. Мұқанов).

Голәндам, Гүләндам, Күләнда (гол + әндам). Нәзік денелі, сұлу денелі (Шығыс дастандарында кездесетін есім). Бауырым, сәулем Күләнда! Неліктен солғын ажарың? Тұтылған айдай тұманда, Неліктен те­мен назарың? (І. Жансүгіров).

(п — ә) Голайым, Гүләйім (гол + айм).



Голбану, Гүлбану (гол + бану).

(п — а) Голбәден, Гүлбадан (гол + бәден). Кітаби нәзік сұлу. Бабырдың өз өлеңдерінде немесе қызы Гүлбадан — бегімнің «Құмаюн — намада» берген мәліметтерінде «Бабырнама» о баста «Оқиғанама» деп аталған секілді (Б. Уахатов).



Голбәһар, Гүлбаһар (гол + бәһар). Көктем гүлі, ләззат гүлі.

(п — а) Голбәһрам, Гүлбаһрам (гол + бәһрам). Марс гүлі, патша гүлі. Мен бүгін ұйықтап жатып көрдім бір түс. Көргенім Гүлбаһрамда үш тоты қүс (Ақан сері). Біз бір белмеде осылайша қысылып-қымтырылып түрып жатқан шақта, Лаура есімді кішкене қызын құшақтап, Сәкен Сейфуллиннің әйелі Гүлбаһрам келе қалды (С. Мұқанов).



Голджан, Гүлжан (гол + джан). Сенсіз жерде мүлде жоқ қой бүл жалын, Сеп деп жанған ақыныңның біл жанын. Өзің болып жүрегімнің жауабы, Шықшы кәне жұрт алдына, Гүлжаным! (X. Ерғалиев). Біз жоғарыда Хамит адам портреті мен адам мүсінін жазуға шеберленіп қалған дедік те, соған дәлел ретінде Гүлжан жайындағы бірсыпыра мысалдарды келтірдік (Ә. Тәжібаев).

(п — а) Голджәзира, Гүлжазира (гол + джәзира).

(п—а) Голджәмал, Гүлжамал (гол + джәмал). Сұлулық гүлі. Гүлжамал Шәукебаева (1905) — Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан шыққан суырып-салма ақын («Айтыс»). Аманбысың, қарындас, аманбысың, Күлжамал, әлі менде сақтаулы, Өзің берген орамал (Ә. Тәжібаев).

(п — а) Голджәмила, Гүлжәмила (гол + джәмила).



Голджәһан, Гүлжаһан (гол + джәһан). Әлем гүлі.

Голчинар, Гүлшынар (гол + чинар).

Голчәһрә, Гүлшара (гол + чәһрә). Гүлшара бибимнің өзі осылай істеуге әмір етті (Айбек). Күлшара сонау солтүстік арқа даласы — Қостанай өңірінен («С. Қ.»).

(п — қ) Голханом, Гүлханым (гол + ха­ном). Гүлханым, сіз болмасаң келеміз бе, Көңілді жамандарға бөлеміз бе? Сізден бір жылы лебіз есіткен соң, Жадырап қан жайылды денемізге (Майлықожа).

(п — а) Голхәйри, Құлқайыр (гол + хәйри).

Голдәриа, Гүлдария (гол + дэрия). Қош, Гүлдария... Ертең көшеміз... Мүмкін көрісерміз, мүмкін көріспеспіз... (С. Қышқашев).

Голдару, Гүлдәрі (гол + дару). Дәрі гүл. Қалабайдың жан жары, Жеңгей байғұс Күлдәрі Жетті міне жүгіріп (І. Жансүгіров).

Голдан, Гүлдан (гол + дан). Гүл сауыты, гүл бақшасы.

Голзад, Гүлзат (гол + зад). Гүлзат маған бұртиып, өкпелеген үнмен: ер балалардың құлаштары ұзын болады дегені қайда,—деді (Қ. Қазиев).

Голзадә, Гүлзадә (гол + задә).

Голзар, Гүлзар (гол + зар). Гүл жапқан дала; гүлге толған орын, жер, аймақ. Бердахтың «Ақымақ патша» деген атақты поэмасы түгелдей дерлік әйел теңдігі тақырыбына арналған. Онда Гүлзар, Анар және Зәру деген үш әйелдің бастауымен ханнын 41 әйелінің ақымақ патшаға қарсы жүргізген ерлік күресі керсетіледі (0. Бекбаулов). Батыр-ay, Сізге не болды?—деді Гүлзар (Ә. Әбішев).

Голзирә, Гүлзира (гол + зирә).

Голсәрд, Гүлсара (гол + сәрә). Ең соңынан жас механизаторлардың одақтық жарысында лауреат атанған Гүлсара Қуандықованы көруге құмартты (Б. Әбдіразақов).

Голшад, Гүлшат (гол + шад). Шаттық гүлі, қуаныш гүлі.

Голшан, Гүлшан (гол + шән). Әтір гүлдік, әтір гүл, гүлзар, роза өсетін жері, гүлденген ел, өлке. Босағада долданып, тиісерге қара таппай тұрған Гүлшан табалдырықтан енді аттай берген Түйғынды басынан нұқып қалды (Б. Мұқаев)..

Голғайшә, Гүләйша (гол + ғайшә).

Голфам, Гүлпан (гол + фам). Роза, әтіргүл тәрізді алқызыл гүл. Вера жас қыз сауыншы комсомол­ка, екінші үлес қосқан үлы тьщға. Мәпелеп жас төлдерді Күлпан да жүр, Озам деп баранкөлден осы сында (Бикен).

Голнар, Гүлнар (гол + нар). Анардың гүлі, анар түсті. Менің туысқанымды әкеле қою онай емес. Мен су патшасының қызы Гүлнар—Баһримын («Мың бір түн»). Шал жолмен шапшац жүріп келеді. Ядгар мен Гүлнар шалдан қалып қоймауға тырысуда (С. Айни).

Голнара, Гүлнара (гол + нар). Қар. Гүлнар.

Голназ, Гүлназ (гол + наз).

Голниса, Гүлниса (гол + ниса).

(п — а) Голнәфис, Гүлнәфис (гол + нәфис). Жаппас Қаламбаев алдынан тәлім көрген өрендер қаншама Қазақстанның атақты қобызшылары Гүлнәфис Баязитова, Фәтима Балғаева, Қаншайым Құдабаева, концертмейстер Алмажан Шағырова, Әбутәліп Исмаилова секілді таланттар Жапекеңнің шәкірттері (Р. Бердібаев).



Гәуһәр, Гәуһар. Інжу, асыл тас. Кәуһардың сары қарын бәйбіше болуына қарамай, жиын-топға әлі де кеп араласып, қыз-қырғынға әлі де өзеуреп қарап, ән айтқанда әлі де қүтырынып, теке-көзденіп кетеді (С. Мұқанов). Азаматта бір-ақ күш бар. Оның аты — махаббат,— деді Гәуһартас (Ә. Тэжібаев).

(п — қ) Гәуһәрбәк, Гауһарбек, Кәукербек (гәуһәрбек).



Гәуһәрджан, Гауһаржан (гәуһәр + джан). Гауһаржан, сенің амандығыңды білейік деп әдейі келдік,— деп орнынан тура берген Жұманның тыныш отыр дегендей, Елпан тізесін басып қалды (С. Мыңжасарова).

Ләшкәр, Ләшкер, Ләскер. Армия, дивизия, әскер, қол. Қоқан даруғасы Ләшкердің ақылы бойынша күшбегінің арнаулы шақыруымен бүгін үш ақ пілге шатыр тігіп, кілең қаракөк арғымақ мінген, қасында бір топ ешіқаға, муәдзин, наиб, геджағы бар Қоқан ханы Мәделіхан (Мұхамет Әлім) келген (І. Есенберлин).

Маһи, Маһи, Мақы. Айлы, ай жүзді, ай жарығы, нұры. Мақы көркемөнершілер академиясын бітіреді. Білетіндер оны аса суретші еді дейді (С. Мұқанов).

Маһитаб, Маһитап (маһи + таб). Айдың сәулесі, айдың нұры, Қолында Маһитап дейтін қызы бар... (С. Мұқанов).

(қ — п) Майлихұджа, Майлықожа (майлы + хәджә). Майлықожа Сұлтанқожа (1835— 1898) үлгілерін жақсы білген ақын («Айтыс»).

(a — п) Мохәммәдджан, Мұхаметжан, Мұқабетжан (мәхәммәд + джан). Мұхамметжан Серәлин қазақ мәдениетінің тарихында тек журналист қана емес, белгілі ақын ретінде де өзіндік орнымен, үлесімен аталады («Қ. Ә. Т.»). Сыдық Мұхамеджанов Қазақ ССР-ның халық артисі, композитор («Қ. Ә.»).

(a — п) Мохәммәдйар, Мұхамедияр (мәхәммәдйар). Мұхаммедтің (пайғамбардың) досы, жары. Қалыш Мұқамедиярова — Кете Жүсіппен айтысқан ақын қыз. Ол 1920 жылдары партия қызметіне араласып, Қармақшы аудандық партия комитетінің әйелдер бөлімінің бастығы боп істеген («Айтыс»).

Мәрдан, Мардан, Мерден. Ерлік, ер жүректік, батырлық. Біз дос-дұшпанды осындай таластың үстінде танимыз, деді Мардан (І. Жансүгіров). Мен ғой, өзіңнің жиһанкезің ғой,— деді Мардан (Ә. Әбішев).

Мәрди, Мәрді. Ерлік, жау жүректік, игілік, адамгершілік. Тұрмағамбет поэмасының ішіндегі көлемдісі, әрі көркем жазылғаны «Мәрді диқан». Шығармадағы бас кейіпкер Мәрді деген кедей, оның кәсібі — егіншілік («Қ. Ә. Т,»).

Моруарид, Меруерт. Ақ, ақшыл сары түсті, қымбат асыл тас. Меруерт ханымның сіңлісі екен (Ә. Тәжібаев). Алматыда кездейсоқта Айдархан мен Мергенбайға кез болып, танысқан Меруерт—инабатты биязы қыз (М. Серғалиев).

(a — п) Мәликзадә, Мәлікзада (мәлик + задә). Ханзада, патша нәсілі, шаһзада. Мәлікзада Нұрқанұлы Ахметбеков — әрі төкпе ақын, әрі кемейінен көркем әуез төгілген, саусақтарынан күй саулаған, сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз («Қ. Ә.»).



п) Мәмәдияр, Мамадияр (мәмәд + йар).

(п — к) Миһрбәк, Мейірбек (миһр + бек).

(п — қ) Миһрхан, Мейірхан (миһр + хан). Қуанышбаев Мейірхан — «Кек қылышы» атты доку­мент повестін авторы («Қ. Ә.»).



Миһргол, Мейіргүл (миһр + гол).

(п — қ) Майданбек, Майданбек (майдан + бек).



Мирза, Мырза. Парсының задә және арабтың әмир (әмір) деген сөздерінің қысқа түрі (мирзадә). Іс жүргізуші, қатты, бектің баласы, бектен туған бала (хан зада, шаһзада, бекзада). Советтік шығыс халықта-рының еткен дәуірдегі ғылми, мәдени даму жолдарын сөз еткенде азербайжан халқының аса көрнекті ағартушысы, демократ-жазушысы, философ ғалымы. Мырза фатали Ахундовтың есімін атамай кету мумкін емес (С. Қирабаев).

(п — а) Мирзаәхмед, Мырзахмет (мирза + әхмәд).



Мирзабай, Мырзабай (мирза + бай). «Көк зеңбірек сүйреткен Арназаров Мырзабай улыныз о да асқан ер» (Жамбыл). Мырзабайды мысал етіп, Қам көңіл қайғырғаннын алдыр демін (Тұрмағамбет).

(п — қ) Мирзабәк, Мырзабек (мирза + бек). Қазақ қыздарының ішінен алғаш рет таң шолпанындай жарқ еткен, тұңғыш өндіріс командирлерінің бірі —Айтбөпе Мырзабекова (Ә. Жәкетова). Мырзабек Дүйсенов — «Гүлжан сүйеді» атты повестің авторы («С. Қ.»).



Мирзаджан, Мырзажан (мирзад + жан). Қазақ халқының санасына «Мырзажан» деген аты мәңгілік сіңіп, тарихының енбойында рахмет айтатын бұл тамаша большевиктің баруы — Голощекин тұсында болран асыра сілтеумен, одан туған салдардын бәрін тез жойып, қазақ халқы социализмнің сара жолына түсті де, өріне аршындап ілгері басты (С. Мұқанов).

(п — к) Мирзахан, Мырзахан (мирза +хан).



(п —а) Мирзағалий, Мырзағали, Мырзалы, Мирзәлі (мирза + ғали). Қазақ қыздарының ішінен алғаш рет таң шолпанындай жарқ еткен, тұңғыш медицина ғылымының докторларының бірі — Хадиша Мырзалиева (Ә. Жәкетова). Рахымжан Малабайұлы мен Ыбыраш Мырзаұлы 1923 жылы хат арқылы айтысқан («Айтыс»).

Мирзақазий, Мирзақазы (мирза + қазий). Шын жылайтын болсаң, бұлай бекер жылама,— деді Мырзағазы Кішкене ағаңның алдьша барып жыла (С. Мұқанов).

(п — қ) Мырзақұл, Мырзақұл (мирза + құл). Сол еңбек ардагерлерінің алғы легін бастаушылар Базарбай Асанбаев, Хатша Есболатова Мырзақұл Терлікбаев сынды ел қадірмендері еді (С. Ноғайбаева).

(п — а) Мирзакәрим, Мырзакәрім (мирза + кәрим). Үйде, алдықғы бөлмеде енеесі көтеріңкі адам біреу-ақ. Ол: басында түлкі тымақ, аяғында сүйем өкшелі, қонышы қара санына жеткен саптама етік: жалпақ көз, үрпек сары — Мырзакәрім (Ғ. Мұстафин).

(п—а) Мирғәлий, Мірғали, Мірәлі, Мерғали (мир + ғәлий).

Мәйсә, Майса. Көк үлпек от, оісайқалған, құлпырған шөп, пішен. Алатаудың талай атақты ақындарын жеңіп, енді айтысуға: «өлең теңі табылмай жүрген», «тотыдай топ ішінде Майса қыздың» даңқы жер жарған («Қ. Ә. Т.»). Саяділ мен Майса 1936 жылы айтысқан («Айтыс»).

Мәйһән, Майқан, Мықан. Отан; семья, ру ошағы. Майқан — біздің атамыздың кенже ұлы, оны әжеміз 56 жасында туған екен (Н. Ондасынов). Майқан ақырын күле түсіп: мақұл, құп болады деп, сәтте жетеміз,— деді (М. Әуезов).

Наргол, Нәргүл (нар + гол). Анардың гүлі. Менің атым Ержанова Нәргүл,— деді аласа бойлы, қалың қара шашты, өткір кәзді батыл қимылды қыз (П. Есжанов).

Назокан. Нәзікен. «Нәзік» сөзінің көпше түрі. Сейіл Алтай комбинатына, баяғы әкесінің орнына алыныпты, — деді Нәзікен (Ғ. Мүсірепов).

Назоки, Нәзике, Нәзиқа, Нәзіктік, жіңішкелік, жұқалық, жұмсақтық, сыпайылық, өте әдептілік, әсемдік, көркемдік, сәнділік. Аңсағанның Нәзиқаға айтар сыны көп-ақ («Қ. Ә. Т.»).

Назкәш, Назыкеш (назкәш). Назды сұлу, әсем ерке. Жарау тобылғы торы бедеуге мініп алып, қыз-келіншектермен бірге Назыкеш кешке қарай шауып кетті (Ғ. Мүсірепов). Назыкеш ағаш аяққа қүйған шалапты Жабайдың аузына тосты (Ғ. Мүсірепов).

Назгол, Назгүл (наз + гол). Әсем гүл, сәнді гүл. Назгүл байыпты үлкен адамдарша баппен сөйлеп отыр (Ә. Әбішев). Он саусағынан енер тамған Ақылбек, кіршіксіз таза махаббат иесі Нәзігүл, алаяқ Жақыптардың образы ез істеріне, қылықтарына сай берілген (Е. Шілдебаев).

(а —п) Насджан, Насжан (нас + джан).



Нәргәс, Нәркес. Нарцисс (бақшада өсетін ақ гүлді өсімдік). Сұлу көз. Мәди мен оның қалыңдығы, дәрігер қыз Нәркес арасындағы махаббат өзек етілген (С. Ләмбеков).

Нишан, Нышан, Нысан. Белгі, таңба, ерекше белгі; дәреже белгілісі; мақсат, нысана, Қалайсың айқасқанда күш —анаға Мергендік дарытты ма Нышан аға?— бар,— деді Құрманғазы,— құмарлығым Көзімді қызықтырған нысанға (Қ. Ерғалиев).

(п — қ) Нишанбай, Нысанбай (нишан + бай). Соран Нысанбаев — Совет Одағының Батыры. Нұралы Нысанбайұлы Шымкент облысы, Шаян ауданында туып ескен ақын («Айтыс»). Зарланып жасың текпе Есілге сен! Кім едің? Шүғыла қушқан жетім десем? Сен түгіл мынау күцгірт шумақтарды Нысанбай жырауға да кешірмес ем (Ә. Сәрсенбаев).

(п —қ) Нишанбәк, Нысанбек (нишан + бәк).

(п — қ) Нишанбек, Нышанбек (нишан + бек).

(а — п) Нәсибджан, Нәсіпжан, Несіпжан (нәсиб + джан).

(a — п) Нәсибгол, Нәсіпгүл, Несіпгүл (нәсиб + гол). Бұрын газет, журнал беттерінде әңгімелерімен көрініп жүрген Нәсіпкүл Әбдікәрімованың «Мен сүйемін» атты тұңғыш кітабы «Алма», «Жаза», «Сүйген едім, қайтейін» дейтін үш әңгімеден тұрады (С. Досанов).

(a — п) Ниғмәтджан, Нығметжан (ниғмәт + джан). Нығметжанның баласы Ғалымжан екен (С. Мұқанов).

Нәмаз, Намаз. Діндарлардың құдай алдында күніне бес уақыт өтейтін құлшылық әрекеті, Намаз он сегіз жасында Атбасар уезінен шыққан әйгілі Құмтума (1840—1915) ақынымен айтысқан («Айтыс»).

(п — к) Нәмазбек, Намазбек (нәмаз + бек). Ынта, бейіліміз Намазбектікіне жете қону (І. Жансүгіров).



Hoy, Hay. Жаңа, жас, таза. Hay бір туысқанынан ешкі даулап Ақмырза бидің алдына келіпті («Ш. С.»).

Ноуән, «Нау» сөзінің көпше түрі. Ленин өзінің Кремльдегі кабинетінде... Кабинетке кіре беріс есік ал­дында әскери киімде Науан Сарсенов дейтін қазақ жауынгері күзетте тур (Ш. Хұсайнов). Абыралы найзакер, атқа да тақымы берік болатын: қарсы келген кісіні көк найзамен түйреп түсіріп, кедей ауылдың жігіттерін қоймай бара жатқан соң, оған Науан қарсы шапты (Ә. Нұрпейісов).

Науаи, Науаи (нәуа + и). Дауыс, дауысты, дыбыс, дыбысты; үн, үнді. Науаи Әлішер (1444-1486) аса көрнекті шағатай ақыны. Физули, Шәмси, Сәхали, Науаи, Сағди, Фирдоуси, Қожа — Хафиз — бу һәммәсы Мәден бер я шағири фәрид (Абай). Қазақ ақындары Науаиға арнап небір шабытты өлеңдер де жазды (Т. Сұлтанов).

Ноуджан, Наужан (ноу + джан). Таза жан, жас адам, жас жан, кемеліне келген адам. Наужан жылды тасқындай Тасытады табысы. Социалистік жарыста, Жіберген жоқ намысын («Қ. Ә. Т.»).

Ноучд, Науша (ноу+чә). Жаңа, жас жігіт, боз бала. Оқып Қабиғожин, Науша Бекейханов, Әбікен Хасенов, Лұқпан Мұхитов — бәрі де қазақтың куй аспанына бір зайсан кеште жарқырап қатар шықты (Ә. Кекілбаев).

(п — қ) Ноучәбай, Наушабай (ноучә + бай). Мұнда жазған Наушабайдың баласы, заманында шешен ердің данасы. Наушабайдың Нұржаны акын атанып, бола алмаған еш адамнын таласы (Нұржан).

(п — қ) Ноучәтай, Наушатай (ноу + чә + тай). Астында желдей ескен аты бар Наушатай... Жауды куған әскер артынан шауып кетті (І. Жансүгіров).

(а —п) Нурбиһшит, Нүрпейіс (нүр + биһшит). Ұжмақ, нұры. Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевпен ақындық дарындылығы жағынан болсын, жас жағынан болсын тетелес келетін ақын — Нүрпейіс Байғанин (1860—1945) мен Дина Нүрпейісова (1861 —1955) — Қазақ ССР халық артисткасы, атақты домбырашы және композитор («Қ. К.»).

(а — п) Нурбиби, Нұрбибі (нур + биби). Суреткер Айсұлу қызбен оныд шешесі Нурбибінің бақытсыздығын баяндаудан бұрын өткен замандағы Алуа қыздың осы тәрізді трагедиясын өте орынды еске түсірген («Қ. Ә. Т.»).

(а — п) Нурджан, Нұржан (нур + джан). Рабиға Нұржанова Ұлболған участогына жиі келгіштейтін болды (Б. Әбдіразақов). Құрметті көп — сәлем, мырза Нұржан, Жаралған бір жігітсің рухың нұрдан (Сапарғалин).

(а — п) Нурхуджә, Нұрқожа (нур + худжә). Ұлымын атышулы Нұрқожаның! Әкеме тартып тудым бір ғажабым, Қонбады дуғалары, конды сөзі, беленд! бесігімде жырға жаным (Қ. Бекхожин). Әлі келетін кісі жоғына көзі жеткен Нұрқожаның менмендігі де, қиянаты шектен шыққан (С. Мұқанов).

(а —п) Нургол, Нұргүл (нур + гул).

(a—п) Нурголәндам, Нұргүләндам (Нур + Голәндәм). Топ көрсе қажымайтын біз бір түлпар, бұлбұл құс қызыл гүлге болып іңкәр,— Қадиша, Ғалия мен Нұркүләндам Сіздерді неге ұмытсын көрген сұңқар (Ақан сері).

Ноуруз, Наурыз (ноу+руз). Иранның жаңа жылының аты (жаңа күн деген сөзден жаңа жыл, жыл басы мағынасында алынған). Жазира ажарына ақылы сай жас келіншек. Оның бойында ана сүтімен бірге сіңген адалдық, адамгершілік бар. Сондықтан да ол соғыстағы күйеуі Наурыз «екі аяқ», екі қолым жоқ, қабылдайсын. ба? деп хат жазғанда оны қарсы алып, бұрынғысынша тату-тәтті өмір сүруге бел байлайды (С. Досанов).

(п — қ) Ноурузбай, Наурызбай (ноуруз + бай). Қыпшақтың атақты биінің бірі — Наурыз­бай (С. Мұқанов).

(п — а) Ноурузғәлий, Наурызәлі (ноу­руз+ғәлий).

Ниаз, Нияз. С. Сейфуллиннің «Жемістер» де­ген повесінің орталық қаһармандарының бірі — Нияз («Қ. Ә. Т.»). Атақты Нияз Баянауылдағы Қыпшақтың Күрлеуіт руынан шыққан (С. Муқанов).

(п — қ) Ниазбек, Ниязбек (ниаз + бек).

Нәйзә, Найза. Жұбанияз Найзаұлы — Қызылорда облысы, Жалағаш ауданынан шыққан ақын («Айтыс»).

(п — қ) Нәйзәбай, Найзабай (нәйзә + бай).

Уәйс, Уәйіс. Вице, орынбасар, уәйіс. Уәйіс — Семей облысы, Шұбартау ауданынаи шыққан ақын («Айтыс»).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет