Партограмма



Дата06.09.2022
өлшемі32 Kb.
#148775
Байланысты:
партограмма каз


Партограмма

Босанудын бірінші кезенің сипаттайтын графикалық бейнелеу. Босану диагнозы мен стационарға түскен пациентке арналады.




Толтыру ережесі: Пациент жайлы мәліметтер: толық аты, босану және жүктілік саны, босану тарихының номері, босану блогына түсу мерзімі және уақыты, қағанақ суының кету уақыты.
Нәрестенің жүрек соғысы жиілігі :әр бір жарты сағат сайын тіркейді (әрбір 15 минут сайын тыңдалады)-нүктемен белгіленеді.


Қағанақ суы: амнион сұйықтығының түсі, әр бір қынаптық тексеруде тексеріледі,
І - қағанақ қуығы бүтін
C – қағанақ суы ашық, таза
M – меконимен (кез келген түстің қанықтығы)
B – судың құрамында қан бар
A – судың болмауы, бөлінділер


Бастың конфигурациясы:
О – конфигурация жоқ
+ - жіктер оңай ажыратылады
++ - жіктер бірінің үстіне бірі киілген, бірақ басқанда ажыратылады
+++ - жіктер бірінің үстінде бірі орналасқан және ажыратылмайды
Жатыр мойнының ашылуы: әрбір қынаптық тексеруде бағаланады және Х пен белгіленеді
Бақылау сызығы: Сызық жатыр мойнының 3 см ашылу нүктесінн басталып, және сағатына 1 см ден толық ашылу нүктесіне дейін жалғасады.


Бастың түсуі: нәрестенің басының босану жолдары арқылы өтуін бағалайды, бірінші абдоминалды тексеріп, тек сосын ғана қынаптық тексеру қажет.
5/5- басы қасағадан бес саусақ жоғары- кіші жамбастың кіреберісінен жоғары
4/5- бас қасағадан төрт саусақ жоғары-кіші жамбастың кіреберісіне бекіген.
3/5- басы қасағадан үш саусақ жоғары- қасаға үстінде бастың үлкен сегменті сезіледі
2/5- бас қасағадан екі саусақ жоғары- қасаға үстінен бастың кіші бөлігіг сезіледі
1/5- бас кіші жамбас қуысында


Уақыты: сызықтың сол жағында белгіленеді.толтыруға ыңғайлы болу үшін қысқаша санды 30 мин деп бөлу. Мысалы: 13.00 немесе 13.30
Жатырдың жиырылуы:босану әрекетінің нақты көрсеткіші ретінде жатыр мойының ашылу мен және нәрестенің басының жылжуы, сонымен қатар жатырдың жиырылуы да маңызды болып табылады. Толғақтың қайталануы уақыт өсінде белгіленеді. әр клетка бір жиырылуды білдіреді.
Штрихтаудың түрлі қарқындылығы толғақтың қарқындылығын көрсетеді. Партограммада келесі үш түрлі штрихтау қолданылады.


Нүктелер - ұзақтығы 20 секундқа дейінгі әлсіз толғақтар

Қиғаш штрихтар – ұзақтығы 20-40 секундқа дейінгі орташа толғақтар



Тегіс штрихтар - ұзақтығы 40 секундтан жоғары күшті толғақтар


Окситоцин: тағайындалған кезде оның мөлшері (концентрациясы және әрбір 30 минутта енгізілетін доза жазылады)
Дәрілерді тағайындау: кез келген қосымша тағайындалған дәрілер жазылады
Пульс: әрбір отыз минутта нүктемен белгінеді
Артериалдық қысым: әрбәр тқрт сағат сайын және сәйкес кестеге ортасынан сызықпен белгіленеді.
Дене температурасы:әрбір төрт сағат сайын белгіленеді
Протеин, ацетон және зәр мөлшері; әр зәр шығаруда жазылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет