Tenses in Simple words
YESTERDAY.TODAY. TOMORROW
by @ALTYWIN
Past Simple
Ағылшын тіліндегі 3-ші шақ - Past Simple.
Past Simple - өткен шақ.
Яғни, іс-әрекет өткен шақта болды,
толығымен аяқталды және оның осы шаққа
еш қатысы жоқ.
Мысалы:
Мен 2010-шы жылы №5 мектепте оқыдым. (іс-
әрекет өткен шақта аяқталды).
Ол кеше үй жұмысын орындады (іс-әрекет
өткен шақта аяқталды).
Past Simple шағындағы етістіктер екіге
бөлінеді:
REGULAR (дұрыс) және
IRREGULAR (бұрыс).
1) REGULAR (дұрыс) етістік дегеніміз -ed
жалғауын талап етеді.
Мысалы wash (жуу) + ed = washed (жуды)
2) IRREGULAR (бұрыс) етістік дегеніміз -
бұрыс етістіктің 2-ші формасын* талап
етеді
*Ағылшын тіліңде әр бұрыс етістіктің 3 формасы бар, Өткен
шаққа 2-ші формасын қолданамыз. Ағылшын тілінде 100-ге
жуық бұрыс етістік бар
Мысалы: GO – WENT – GONE
DO - DID - DONE