Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі
3-БОӨЖ тапсырмасы
Жақанқызы Меруерт
ҚТӘ-301
Тіл білімінің грамматика саласының бірі –
синтаксис (грекше «syntaxis»). Синтаксис сөз
тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен
түрлері, сөйлем мүшелерін қарастырады.
Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің
грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.
Толық мағыналы кемінде екі
сөздің тұлғалық және
мағыналық жағынан
байланысқан тобы сөз тіркесі
деп аталады. Сөз тіркесінің
негізгі белгілері:
●
сөздердің байланысуы сөйлем ішінде
анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде
танылады;
●
кем дегенде екі толық мағыналы сөздентұрады;
●
сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен
белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы
байланысады;
●
сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты
білдіреді.
Синтаксистік жай тіркес
Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің
есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ
көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен
тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі
бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез.
Синтаксистік күрделі тіркес
Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген
жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу,
көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден
кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі
үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі
Достарыңызбен бөлісу: |