Есеп № 15
Ащы ішектің полипоздық зақымдануына байланысты жасалған резекциядан кейін 4 ай өткенде науқаста мегалобластық анемия дамыған.
Бұл жағдайда анемияның дамуы қай фактордың, В12 витаминінің, әлде фолий қышқылының жеткіліксіздігіне негізделген?
Есеп № 16
Науқас Д., 62 жаста, асқазан обыры диагнозымен ауруханада ем қабылдауда.
Ауруханаға түскен кездегі қан анализі:
Эритроцит 1,3 х 1 мкл-де
Гемоглобин 58 г/л
Түсті көрсеткіш 1,3
Лейкоциттер 2,8х 1 мкл-де
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 1%
Таяқша ядролы 8%
Сегменттік ядролы 45%
Эозинофилдер 1%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 40%
Моноциттер 5%
Тромбоциттер 120х 1 мкл-де
Жұғындыда: макроанизоцитоз, пойкилоцитоз, Жолли денешігі, Кебот жүзігі, полисегменттелген нейтрофильдер, ретикулоциттер - 0,1%.
Шеткері қан құрамының өзгерісі қанның қандай патологиясына тән?
Науқаста дамыған қан патологиясының мүмкін болатын механизімі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |