Симптом (гр. symptoma- түйісу, белгі) – аурудың, патологиялық процестің, жағдайдың, реакцияның немесе синдромның белгісі.
Синдром (sindrumes – бірге жүгіретін) – бірыңғай патогенезімен (симптомдардың кешені) бірлескен симптомдардың жиынтығы.
Ауру ағымының айқын емес түрі– аурудың атипиялық ағымының мысалы; айқын емес симптомдармен сипатталады.
Аурудың абортивтi (лат. abortus – түсік) ағымы– аурудың атипиялық ағымының мысалы; қысқарған ағымымен, ауыртпалық көрiнiстерi тез арада жойылуымен, кенеттен сауығуымен сипатталады.
Рецидив(лат. reсidivus-қайталану) – аурудың клиникалық көріністерінің уақытша жоғалуынан кейінгі қайталануы немесе көріністерінің күшеюі.
Ремиссия (лат. remissio- әлсiреу, азаю) – аурудың ары қарай дамуы баяулауынан немесе тоқтауынан, жарым-жартылай кері дамуынан науқас жағдайының уақытша жақсаруы.
Асқыну– организмде бар ауруға басқа патологиялық процестің, аурудың қосылуы. Ол негізгі аурудың ерекшеліктерімен байланысты немесе өткізген емдік шаралардың күтпеген салдарлары ретінде пайда болады.
Аурудың өршуі– көрiнiп тұрған симптомдардың күшеюiмен немесе жаңаларының пайда болуымен сипатталатын созылмалы ауру ағымының сатысы.
Латенттi ағым (лат. latēns (latentis) – жасырын, көрінбейтін) – сыртқы көзбен қарағанда көрiнбейтiн ауру ағымы.
Сауығу– ауру аяқталуының бiр түрi; аурудан кейiнгi организмнiң қалыпты өмiр сүруiне қайта келуiмен сипатталады.
Терминальдi жағдайлар (лат. terminalis – шекаралық, соңғы) – осы күйге келтiрген себеп жойылса да жануарлардың және адамның организмi одан өзi шыға алмайтын күйi. Морфофункциялық өзгерістердің негізінде барлық тіндердің (ең алдымен бас миының) өршитін гипоксиясы, ацидозы және бұзылған алмасу өнімдерімен уыттануы жатыр.
Өлім – организмдегі тіршіліктің тоқтауы процесі.
Клиникалық өлiм – жүректің қызметі, тыныс алу тоқтағаннан кейін басталатын және орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінде қайтымсыз өзгерістер дамығанша жалғасатын терминальдік жағдай.