Патофизиология кафедрасы бақылау – Өлшегіш қҰралдар патофизиология-1



бет17/46
Дата19.12.2021
өлшемі353,36 Kb.
#103486
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
бакылау-олшегиш

215. Теріс азоттық тепе-теңдіктің салдарына жататыны (3)

  1. организм төзімділігінің төмендеуі

  2. организм төзімділігінің жоғарылауы

  3. организмнің қарқынды өсуі

  4. организмнің зақымдаушы әсерлерге бейімделуінің бұзылуы

  5. ішкі ағзалардың дистрофиясы

216. Теріс азоттық тепе-теңдік дамиды

  1. сауығу кезінде

  2. жүктілікте

  3. анаболизмдік гормондар артық түзілгенде

  4. катаболизмдік гормондар артық түзілгенде

  5. организмнің қарқынды өсуі кезеңінде

217. Оң азоттық тепе-теңдік дамиды

  1. инсулиннің артықшылығында

  2. глюкокортикоидтар артықшылығында

  3. нәруыздық ашығуда

  4. өспелік кахексияда

  5. қантты диабетте

218. Салыстырмалы гиперпротеинемия дамиды

  1. бауыр циррозында

  2. ашығуда

  3. сусыздануда

  4. миеломдық ауруда

  5. нефроздық синдромында

219. Парапротеинемия – бұл

  1. қанда нәруыз алмасуының соңғы өнімдерінің артуы

  2. қанда дертке ұшыраған гамма-глобулиндердің пайда болуы

  3. нәруыздар фракцияларының пайыздық қатынасының бұзылуы

  4. қанда қандай да бір нәруыз фракциясының болмауы

  5. қанда зәрнәсілдің және зәр қышқылының көбеюі

220. Парапротеиндерге жатады

  1. протромбин

  2. антигемофилдік глобулин

  3. комплемент құрамбөлшектері

  4. дертке ұшыраған гамма-глобулиндер

  5. фибриноген

221. Нәруыз жеткіліксіздігінен дамиды

  1. оң азоттық тепе-теңдік

  2. гиперпротеинемия

  3. ісіну

  4. организм төзімділігінің жоғарылауы

  5. семіру

222. Гипопротеинемия – бұл

  1. қанда нәруыздардың дерттік түрлерінің пайда болуы

  2. қанда нәруыздар мөлшерінің көбеюі

  3. қанда нәруыздар мөлшерінің азаюы

  4. қанда нәруыздар арақатынасының өзгеруі

  5. қанда қандай да бір нәруыздардың болмауы

223. Гипопротеинемияның дамуы, негізінде қанда азаюына байланысты

  1. трансфериннің

  2. фибриногеннің

  3. әлбуминдердің

  4. глобулиндердің

  5. гаптоглобиннің

224. Гипопротеинемия қабаттасады

  1. қанда онкотикалық қысымның жоғарылауымен

  2. плазма нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылуымен

  3. қанда гормондардың байланысқан фракциясының көбеюімен

  4. сусыздану дамуымен

  5. қанда гормондардың бос фракциясының азаюымен

225. Қанда нәруыздың кейбір түрінің болмауы аталады

  1. гипопротеинемия

  2. гиперпрототеинемия

  3. парапротеинемия

  4. диспротеинемия

  5. дефектпротеинемия

226. Подагра зат алмасуы бұзылғанда пайда болады

        1. көмірсулардың

        2. витаминдердің

        3. майлардың

        4. пуриндердің

        5. су мен электролиттердің

227. Подагра кезінде буындарға жиналады

  1. зәр қышқылының тұздары

  2. карбонаттар

  3. сульфаттар

  4. оксалаттар

  5. фосфаттар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет