Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Ас қорыту жолдарының пептидтері және олардың дерт



Pdf көрінісі
бет528/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Ас қорыту жолдарының пептидтері және олардың дерт 
дамуындағы маңызы.
Гастрин. 
Бҧл пептид асқазанның пилорустық бӛлігінде G-
жасушаларымен ӛндіріледі. Бҧл жасушалардың рецепторларының 
химиялық заттармен (нәруыздардың ыдырау ӛнімдерімен) және 
механикалық (тағаммен) қоздырылуынан гастриннің ӛндірілуі 
кӛбейеді. 
Сонымен бірге, Р-жасушаларымен ӛндірілетін бомбезин 
(адамда бомбезинге ҧқсас пептид) гастриннің ӛндірілуін 
кҥшейтеді. Гастрин асқазанның іргелік жасушаларымен тҧз 
қышқылының ӛндірілуін арттырады. Содан тҥз қышқылының кӛп 
ӛндірілуі, кері байланыс бойынша, гастриннің ӛндірілуін 
тежейді. Гастрин, асқазанда тҧз қышқылының ӛндірілуін 
кӛбейтіп қана қоймай, ҧйқыбез ферменттерінің бӛлінуін, 
ӛттің ішекке шығуын, асқазанның қимылдық әрекеттерін 
сергітеді. 
Сонымен 
қатар 
ішекте 
кейбір 
заттардың 
(глюкозаның, натрийдің және судың) сіңірілуін азайтады. 
Гастрин ӛндіретін ҧйқыбез немесе асқазан жасушаларының 
ӛспесінде Золлингер-Эллисон (1955) синдромы дамиды. Бҧл 
кезде асқазанның іргелік (париеталдық) без жасушаларының 
массасы ҥлкейеді, тҧз қышқылы мен пепсин ӛндірілуі 
кӛбейеді, асқазан мен ҧлтабарда ойық жара дамиды. Бҧл 
ӛспені гастринома деп атайды. Ол жиі ҧйқы безінде және 
ҧлтабардың шырышты қабығының астында дамиды. Кӛпшілік 
гастриномалар 
қатерлі 
ӛспелерге 
жатады 
және 
жиі 
метастазалар таратады. 
Глюкагон. 
29 аминқышқылдарынан тҧратын, ҧйқы безінің 
альфа-жасушаларымен 
және 
ҧлтабардың 
шырышты 
қабық 
жасушаларымен 
ӛндірілетін 
полипептид. 
Ҧйқы 
безінде 
ӛндірілген глюкагон бауырда гликогенолизді кҥшейтіп, 
гипергликемия дамытады. Ҧлтабарда ӛндірілген глюкагон 


632
инсулин ӛндірілуіне сергіткіш әсер етеді. Осылай қандағы 
глюкозаның деңгейі қалыпты мӛлшерде теңгеріліп тҧрады. 
Сонымен бірге глюкагон липолизді кҥшейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет