Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Тіндік  (гистотоксиндік)



Pdf көрінісі
бет478/599
Дата12.10.2022
өлшемі6,76 Mb.
#152853
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   599
Байланысты:
Жалпы патфиз

Тіндік 
(гистотоксиндік) 
гипоксия, 
ағзалар 
мен 
тіндердің 
оттегімен 
жеткілікті 
қамтамасыз 
етілуіне 
қарамай, тотығу-тотықсыздану ҥрдістерінің бҧзылыстары 
нәтижесінде оттегі тіндермен пайдаланылмауынан дамиды. 
Тіндік гипоксияның себептері болып: 
● тыныстық ферменттердің азаюы немесе әсерсізденуі; 
● тотығу ҥрдістері мен фосфорлану ҥрдістерінің бір-
біріне ҧласпауы есептеледі.
Тыныстық 
ферменттердің 
(цитохромоксидазаның) 
әсерсізденуі кӛптеген химиялық улы заттардың әсерлерінен, 
цианидтермен, 
монойодацетатпен 
уланғанда 
байқалады. 
Ішімдіктер және кейбір наркоздық препараттар (эфир, 
уретан) дегидрогеназа ферменттерін әсерсіздендіреді. 
Тіндік 
гипоксияға 
әкелетін 
тотығу-тотықсыздану 
ферменттері 
тҥзілуінің 
бҧзылыстары 
витаминдердің 
жеткіліксіздіктерінде 
байқалады. 
Кӛптеген 
витаминдер 
фермент тҥзілуіне қажетті коферменттер болады. Мәселен, 
рибофлавин флавиндік ферменттердің, никотин қышқылы НАД 
(никотинамиддинуклеотид)-тәуелді 
дегидрогеназалардың 
коферменттері 
болады. 
В
1
-витамині 
(тиамин) 
глюкоза 
тотығуында тиаминпирофосфат тҥрінде кофермент болады. 
Содан оның тапшылығынан организмде глюкозаның тотығуы 
бҧзылады. Сондықтан организмде витаминдердің аздығы 
ферменттер- дің тҥзілуін азайтады. 
Қалқанша бездің қызметі кӛтерілгенде, кейбір химиялық 
заттардың (α-динитрофенол т.б.) әсерлерінен тотығу ҥрдісі 
фосфорлану ҥрдісіне ҧласпайды. Содан заттардың алмасуынан 
тҥзілген энергия, АТФ тҥзілуіне әкелмей, жылу тҥрінде 
тарайды.
Тіндік гипоксияның пайда болуында еркін радикалдық 
асқын тотығудың маңызы ҥлкен. Май қышқылдарының гидроасқын 
тотықтары митохондрийлардың мембраналарын бҥліндіріп, 
тотығу-тотықсыздану ҥрдістерін бҧзады. Бҧндай жағдай, 
химиялық улы заттардың (ауыр металдардың, тӛртхлорлы 


572
кӛміртегінің т.б.), иондағыш сәулелердің, гипоксиядан 
кейінгі реоксигенацияның әсерлерінен дамуы ықтимал.
Тіндік гипоксия кезінде қанда оттегінін деңгейі 
қалыпты мӛлшерде болады және артериялық қанның гемоглобині 
оттегіге 95-98%-ға дейін қанығады. Тіндерге жеткізілген 
оттегі 
пайдаланылмауынан 
кӛктамырлар 
қанындағы 
оның 
деңгейі кӛтеріледі. Осыдан оттегінің мӛлшері бойынша 
артериялық қан мен веналық қанның айырмашылығы қатты 
азаяды. Оксигемоглобин тотықсызданбай веналық қанға ӛтуіне 
байланысты онда тотықсызданған гемоглобиннің мӛлшері 
тӛмендейді. Сол себептен тіндік гипоксия кезінде дене 
мҥшелерінің кӛгілдірленуі (цианоз) байқалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   599




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет