Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


АШЫҒУ КЕЗІНДЕП ЗАТТАРДЫҢ АЛМАСУЫ



Pdf көрінісі
бет206/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

АШЫҒУ КЕЗІНДЕП ЗАТТАРДЫҢ АЛМАСУЫ
.
Ашығудың бірінші кезеңінде көмірсуларының ыдыратылуы 
басым болады. Сондықтан тыныстық көрсеткіш 1-ге жақындап, 
жоғарылайды. Қанда глюкозаның деңгейі 3 ммоль/л-ден астам 
төмендейді. Осыдан үйқы безінің жасушалары глюкагонды 
артық өндіреді, бета жасушаларымен инсулиннің өндірілуі 
азаяды. 
Бұл 
кезде 
стресс 
дамып, 
глюкокортикоидтық 
гормондардың өндірілуі артады, глюконеогенез күшейеді. 
Бауырда гликогеннің қоры азаяды. 
Ашығудын бірінші кезеңінің басында негізгі алмасу 
біршама көтеріліп, артынан 10-20%-ға төмендейді. Ол осы 
төмендеген деңгейде ашығудың екінші кезеңінде сақталады, 


238
үшінші кезеңінде одан ары біршама көтеріледі. Негізгі 
алмасудың 
төмендеуі 
организммен 
энергияны 
үнемдеп 
пайдалануды көрсетеді және ол қалқанша бездін қызметі 
әлсіреуіне 
байланысты 
дамиды. 
Бұл 
кезде 
бауырда 
аминқышқылдарының дезаминденуі, трансаминденуі әлсірейді, 
олардың түзілуі баяулайды. Организмде нәруыздардың ыдырауы 
басым болуынан теріс азоттық тепе-теңдік байқалады. 
Ашығудың ең үзақ екінші кезеңінде тыныстық көрсеткіш 
0,7-ге дейін төмендейді. Бұл майлардың басым тотығуын 
көрсетеді. Организмге қажетті энергияның 80%-нан астамы 
майлардың тотығуынан, 13% нәруыздардың және бар-жоғы 3% 
ғана көмірсуларының тотығуынан алынады. 
Организмдегі гликогеннің барлық қоры 6 сағат ашығуға 
ғана жетеді. Артынан майлардың тотығуы артады. Бос май 
қышқылдары қанға т. б. ішкі ағзаларға түседі. Бауыр мен 
бұлшықеттерде 
бос 
май 
қышқылдары 
көбейіп, 
олар 
митохондрийларға 
енеді. 
Бауырда 
майлар 
мен 
май 
қышқылдарының 
көптігіне 
қарамай, 
онда 
нәруыздардың 
тапшылығынан липопротеидтер аз өндіріледі. Сондықтан бауыр 
жасушаларында үшглицеридтер жиналып, майлық сіңбелер 
(инфильтрация) пайда болуы мүмкін. 
Майлар 
аяғына 
дейін 
толық 
тотықпауынан 
ашыққан 
организмде кетондық денелер жиналып қалады. Қанда олардың 
көбеюі, кері байланыс бойьшша, денеде майлардың ыдырауын 
тежеуге әсер етеді. Ашығу кезінде организмде глюкозаның 
қоры азаюдан мида оны пайдалану 1/4-дейін төмендеп, оның 
орнына май қышқылдарының өнімдері (бета-оксибутират, 
ацетат) пайдаланыла бастайды. Бүйректің сыртқы қыртысында 
глюконеогенез артып, тәулігіне 80 г. глюкоза өндіріледі. 
Бұның белгілі мөлшерде икемделістік маңызы бар. 
Ашығудың ақтық, үшінші кезеңінде тіршілікке маңызды 
ағзалардың нәруыздары ыдыратыла бастайды. Олар энергия 
өндіру үшін пайдаланылады. Бұл кезде тыныстық көрсеткіш 
0,8-ге теңеледі. Азот, калий, күкірт, фосфор көптеп 
несеппен 
шығарылады. 
Тіндерде 
хлоридтер 
жиналуынан 
осмостық қысым көтеріліп, қанда коллоидтық-осмостық қысым 
төмендеуінен дененің ісінуі дамиды. Бұл ісінуді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет