Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Аурулардың аяқталуы мен салдарлары



Pdf көрінісі
бет11/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

22
Аурулардың аяқталуы мен салдарлары.
Сауығу — науқас адамның бұзылған ағзалары мен 
тіндерінің құрылымы мен әрекеттерінің және қоршаған 
ортаның 
ықпалдарына 
сәйкес 
оның 
бейімделу 
мүмкіншіліктерінің қалпына келуі. Ересек адам үшін 
сауығудың белгісі болып, онын еңбекке оралуы есептеледі.
Бұл жағынан оны реабилитация (лат. ге - қайтадан, 
аbilitas - жарамдық) - қайтадан еңбекке жарамдық дейді. 
Сауығу дерттің кері дамуы емес, дерттен кейінгі
адамның сапалық жаңа жағдайы, сыртқы ортаға қатынасының 
жаңа түрі. Мәселен, жұқпалы аурудан жазылған адамның 
денесінде 
иммундық 
бейімделістік 
қабілеті 
өзгерген 
болады, арнайы өндірілген антиденелер мен сезімталдығы 
көтерілген жасушалар көп уақытқа дейін сақталады. 
САУЫҒУДЫҢ ЖОЛДАРЫ. 
● 
жедел, 
тұрақсыз, 
«апаттық» 
қорғану-бейімделу 
серпілістердің қатысуымен; 
● салыстырмалы тұрақты қорғану-икемделу тетіктерінің 
қатысуымен; 
● ұзақ сақталатын тұрақты тетіктердің қатысуымен. 
Бұлар жүйкелік және гуморалдық жолдармен реттелінеді. 
Жедел — қорғану-бейімделу серпілістер болып, негізінен 
зиянды 
заттарды 
аластайтын 
организмнің 
қорғаныстық 
рефлекстері (құсу, түшкіру, сілекей, шырыш шығару т. б.) 
есептеледі. 
Сонымен 
қатар, 
бұл 
серпілістерге 
ауыртпалықтар 
(стресс) 
кездеріндегі 
адреналин 
мен 
глюкокортикоидтардың 
өндіріліп 
шығарылуы, 
артериялық 
қысымды, қанның және тіндердің осмостық қысымын, қандағы 
қанттың деңгейін т. б. қатаң «константалар» деп аталатын 
Созылмалы түрге айналуы 
биологиялық 
өлім 
сауығу 
толық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет