Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ұ ЗЫЛЫСТАРЫ. ҚАНТТЫ ДИАБЕТ



Pdf көрінісі
бет125/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

ұ
ЗЫЛЫСТАРЫ. ҚАНТТЫ ДИАБЕТ.
Көмірсулары алмасуларының бұзылыстары: 
● көмірсуларының ішек-қарында ыдырауы мен сіңірілуі 
бұзылыстарынан;
● гликогеннің түзілуі мен ыдырауы өзгерістерінен; 
● көмірсуларының аралық алмасуы бұзылыстарынан – 
байқалады. 
Көмірсуларының ішек-қарында ыдырауы мен сіңірілуінің 
бұзылуы
ас қорыту жолдарының амилолиздік ферменттері 
әртүрлі 
себептерден 
(панкреатит, 
энтерит 
т. 
б.) 
жеткіліксіз болғанда байқалады. Сонымен бірге ішектер 
қабынғанда глюкозаны фосфорлайтын фермент гексокиназаның 
әсерсізденуінен 
немесе 
жеткіліксіз 
өндірілуінен 
глюкозаның 
сіңірілуі 
бұзылады. 
Гексокиназа 
глюкоза 
сіңірілуі 
үшін 
оны 
фосфорлайтын 
фермент. 
Бұндай 
бұзылыстар жас балаларда жиі кездеседі.
Гликогеннің 
түзілуі 
мен 
ыдырауының 
бұзылыстары. 
Орталық жүйке жүйесі мен симпатикалық жүйке жүйесі 
қозғанда, гипофиздін, бүйрек үсті бездерінің милық 
қабаты, қалқанша бездерінің қызметтері артқанда, ауыр қол 
жұмысын 
атқарғанда, 
организмде 
гликогеннің 
ыдырауы 
күшейеді. Гликогеннің түзілуі бауыр қабынғанында азаяды. 
Керісінше, оның түзілуі тұқым қуатын 
гликогеноздар
деп 
аталатын аурулар кездерінде көбейеді. Бұл аурулар тектік 
ақаулардың 
нәтижесінде 
гликогенді 
ыдырататын 
ферменттердің 
(глюкоза-6-фосфатаза, 
α-1,4-глюкозидаза 
т.с.с.) түзілмеуінен дамиды. Осыдан гликоген бауыр
бүйрек, жүрек жасушаларының ішінде көптеп жиналып 
қалуынан олардың қызметгері бұзылады. 
Көмірсуларының аралық алмасуының бұзылыстары
гипоксия, 
бауыр 
аурулары 
және 
организмде 
В
1
витамині 
жеткіліксіздігі кездерінде байқалады. Өйткені оттегі 
жетіспеушілігі кезінде аэробты тотығу
 
процесі әлсірейді 
де, анаэробты гликолиз артады. Бауыр аурулары кездерінде 
бауырда сүт қышқылынан, глюкозадан гликогеннің қайта 
түзілуі болмайды. В
1
витамині пирожүзім қышқылының 
тотығуына қажетті кофермент болып есептеледі. Оның 
фосфорланған 
түрі 
кокарбоксилаза. 
Сондықтан 
ол 
жетіспегенде организмде ацетилхолиннің түзілуі болмайды, 
жүйкелік серпіндердің тарауы бұзылады, жүйкелерге уытты 
әсер ететін пирожүзім қышқылы жиналып қалуы нәтижесінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет