289
эндотелий
жасушаларының
белсенді
микровезикуляциялық
қызметінің көтерілуінен. Эндотелий жасушалары сұйықтың
өте ұсақ тамшыларын жұтып (оны микропиноцитоз дейді),
оларды жасушаның екінші жағына тасымалдап шығарады. Мұны
микровезикуляция (грек. mikros - ұсақ, vesicula -
көпіршік) - нәзік көпіршіктену дейді.
Қылтамырлар мен майда көктамырларда қан қысымы
көтерілуі оларда қан іркілуінен болады.
Қабыну ошағында осмостық және онкотикалық қысымның
жоғарылауы ондағы физикалық-химиялық өзгерістерден дамиды
(жоғарыда келтірілді).
Экссудациямен лейкоциттердің тамыр сыртына шығуы
(эмиграциясы, лат. emigгаге — орын ауысгыру) тығыз
байланысты және ол үш сатыдан тұрады:
● лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы
(маргинациясы);
● лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы оның
сыртына шығуы (5-сурет);
● лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы.
Достарыңызбен бөлісу: