Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ЖАСУША БҮЛІНІСТЕРІН ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет270/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
ЖАСУША БҮЛІНІСТЕРІН ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. 
Жасуша бүліністерін емдеу ең алдымен шақырған себепкер 
ықпалды аластауға бағытталуы қажет. Сонымен бірге бүлінген 
жасушалардың мембраналарын тұрақтандыратын дәрі-дәрмектер 
пайдаланылады. Мембраналардың бүліністерінің негізінде 
еркін радикалды тотығу мен май қышқылдарының асқын тотығуы 
болғандықтан оларды ескертетін табиғи және жасанды 
антиоксиданттар қолданылады. Мембраналарда фосфолипаза, 
липаза, протеаза ферменттерінің белсенділігі көтерілуіне 
қарсы олардың бәсеңсіткіштері пайдаланылады. Жасуша ішіне 
Са
2+ 
иондары көп енуінен сақтандыру үшін кальцийдің шабан 
өзекшелерінің тежегіштері қолданылуы қажет. Сонымен бірге 
мембраналарды 
тұрақтандыратын 
дәрі-дәрмектер 
(глюкокортикоидтық, 
анаболизмдік 
гормондар), 
адреноблокаторлар пайдаланылады. 
 
 


327
Иммундық жүйенің бұзылыстары 
Иммундық жүйенің бұзылыстары мына түрлерде болуы 
ықтимал: 
● туа біткен немесе жүре пайда болған иммундық 
тапшылықты жағдайлар; 
● аутоиммундық дерттер; 
● аллергиялық серпілістер; 
 
ИММУНДЫҚ ТАПШЫЛЫҚТЫ ЖАҒДАЙЛАР.
Иммундық жүйенің бір немесе бірнеше құрамбөлшектерінің 
болмауынан организмнің жұқпаларға төзімділігі төмендеуімен 
көрінетін жағдайларды иммундық тапшылықты жағдайлар дейді. 
Иммундық 
тапшылықты 
жағдайларды 
(ИТЖ) 
туа 
біткен 
(біріншілік) және жүре пайда болған (салдарлық) – деп 
екіге ажыратады. Туа біткен ИТЖ ұрпақтан ұрпаққа тарайтын 
тұқым қуалайтын негізде дамиды. Салдарлық ИТЖ әртүрлі 
дерттер кездеріндегі организмнің өзінде пайда болған - 
эндогендік 
және адамды қоршаған ортаның химиялық заттармен 
немесе иондағыш сәулелермен т.б. ластанулары нәтижесінде 
сырттан әсер ететін ықпалдардан пайда болған – 
экзогендік 
болып ажыратылады. 
ИТЖ кездерінде организмнің жұқпаларға төзімділігі 
азайып кетеді. Содан сәл суық тиюден, тіпті қалыпты 
жағдайларда дерт туындатпайтын жұқпалардың әсерлерінен 
жұқпалы аурулар жиі байқалады. Бұл кездерде, жұқпалы 
аурулармен қатар, аллергиялық серпілістер, аутоиммундық 
бүліністер дамиды және кейде тіпті өспелер өсуіне қауіп-
қатер төнеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет