Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


патофизиология аурудың пайда



Pdf көрінісі
бет3/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

патофизиология аурудың пайда 
болу себептерінің, даму жолдарының жалпы заңдылықтарын 
зерттейді
.
Патофизиология 
қалыпты 
физиология 
сияқты 
эксперименттік 
әдісті 
қолданады. 
Лабораториялық 
жануарларда адам ауруларының, үлгісін (моделін) алады. 
Аурудың 
үлгісі 
деп 
зертханалық 
жануарларда 
адам 
ауруларының кейбір түрлерінің көшірмесін алуды айтады.
Қазіргі жағдайда адамның қөп ауруларының үлгілерін 
тәжірибелік жануарларда алуға болады. Мәселен, жарақаттық 
сілейме (шок), қантты диабет, атеросклероз, артериялық 
гипертензия, миокард инфаркты, өкпе, бүйрек қабынуы т. б. 
Сонымен қатар, есте сақтайтын бір жай, ол адам 
ауруларының үлгісін жануарларда толық көлемінде алу 
мүмкін емес. Сонда да аурудың патогенезіндегі кейбір 
маңызды түйіндерін, кейбір әйгіленімдер мен синдромдардың 
үлгісін 
алудың 
толық 
мүмкіндігі 
бар. 
Мысалы, 
гипертониялық аурудың үлгісін алғанда адамда кездесетін 
ауруды толық қайталау мүмкін емес. Сондықтан тек сол 
ауруға тән әйгіленімді - қан қысымының көтерілуін 
(гипертензияны) 
ғана 
тәжірибелік 
жануарларда 
алуға 
болады. 
Ал, адамның кейбір ауруларын жануарларда қайталауға 
мүлде болмайды. Оларға: жан-дүниелік (психикалық) 
ауруларды, өспенің кейбір түрлерін (асқазанның обыр 
өспесі (рак), зат алмасуының ауруларын 
(подагра), 
аллергиялық ауруларды (бронхиалық демікпе), жыныстық 
қатынас ауруларын (мерез, соз, жүре пайда болған иммундық 
тапшылықты синдромы (ЖИТС) т. б. ауруларды жатқызуға 
болады. 
Эксперименттік әдістердің негізгі мүмкіншіліктері

● 
аурудың 
пайда 
болу 
себептері 
мен 
себептік 
байланыстарын тексере алады; 
● аурудың эксперименттік үлгісінде ең алғашқы пайда 
болу сатысынан бастап соңғы нәтижесіне дейін байқауға 
болады; 
● аурудың емделмеген түрін байқап, толық тексеруге 
болады. Ал, бұл мүмкіншіліксіз аурудың патогенезін 
анықтау мүмкін емес; 
● жаңа ашылған қандайда болмасын ем тәсілдерін
жануарларда тексеру (эксперименттік терапия) мүмкіншілігі 


13
болады.
Осыған қосатын жай, қазір патофизиологияда клиникалық 
бақылау 
әдісі 
де 
кеңінен 
қолданылады. 
Клиникалық 
патофизиология өзі бір жеке пән больш тарап келеді. Яғни, 
қазіргі зерттеу құралдарының (компьютерлік томографтар, 
ультрадыбысты құралдар т. б.) жетістіктері клиникалық 
патофизиологияның дамуына үлкен ықпал етеді. 
Патофизиология пәні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет