Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет465/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
● 
обструкциялық (лат. obstructio - бітелу) немесе 
бітелулік гиповентиляция;
 
● 
рестрикциялық (лат. restrictio - шектелу, кішірею) 
немесе шектелулік гиповентиляция; 
● 
араласқан гиповентиляция – деп ажыратылады. 
Обструкциялық 
гиповентиляция 
тыныс 
алу 
жолдары 
тарылғанында немесе бітелгенінде байқалады. Бұл кезде ауа 
қозғалысына кедергі тыныс алу жолдарында пайда болады. Ол 
мына себептерден дамиды: 
♣ тыныс алу жолдарының қабынуынан; 
♣ майда кеңірдекшелердің тегіс салалы еттерінің, 
әртүрлі аллергендердің және химиялық қоздырғыштардың 
әсерлерінен, жиырылып қалуынан (бронхоспазм); 
♣ тыныс алу жолдары қою қақырықпен бітеліп қалуынан; 
♣ тыныс алу жолдарында өспе дамуынан;
♣ тыныс алу жолдары сыртынан ісінген қалқанша 
безбен, 
айналасындағы 
тіндердің 
өспесімен 
қысылып 
қалуынан; 
♣ дыбыс байламдары мен көмекей еттерінің жиырылып 
қалуынан (ларингоспазм) т.с.с. жағдайлардан байқалады. 
Рестрикциялық гиповентиляция 
өкпенің тыныс алу бетінің 
азаюынан немесе өкпе тінінің серпімділігі төмендеуінен 
дамиды. Ол өкпе тінінің өзінде болатын (өкпе ішілік) 
дерттермен 
немесе 
өкпенің 
сыртынан 
әсер 
ететін 
(өкпесыртылық) дерттік өзгерістермен байланысты дамиды. 
Рестрикциялық гиповентиляция дамуына әкелетін өкпе 
ішілік дерттерге: 
♣ өкпеде қабыну мен қан іркілу құбылыстарын; 
♣ 
өкпе 
ауруларын 
(пневмосклероз, 
обыр 
(рак), 
эмфизема, туберкулез); 
♣ өкпенің бір бөлшегін немесе бір өкпе тұтас оталып 
тасталуын; 
♣ әртүрлі себептерден сурфактанттың азаюынан өкпеде 
ателектаз дамуын т.б. жатқызуға болады. 
Рестрикциялық гиповентиляция дамытатын өкпесыртылық 
дерттік өзгерістерге: 
♣ өкпеқап қуысында сұйық, қан, ауа жиналып қалуы 
(гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс); 
♣ көкірек орталығында өспе өсуі; 
♣ кеуде қуысын тарылтатын дене пішіні өзгеруі 
(лордоз, кифоз, сколиоз);
♣ іш қуысында ауа жиналуы (метеоризм), бауыр ұлғаюы, 


558
іш шемені дамуы т. с. с. жағдайлар жатады. Бұл кездерде 
өкпе 
сыртынан 
қысылып, 
оның 
тыныс 
алу 
кезіндегі 
тербелістерін азайтады. 
Обструкциялық гиповентиляция кезінде: 
♣ қарқынды дем шығарудың 1-секундындағы ауа көлемі 
(FEV
1c
); 
♣ қарқынды тіршіліктік өкпе сыйымдылығының пайыздық 
арақатынасы (FEV
1c
/FVC%); 
♣ қарқынды дем шығарудағы қарқынды тіршіліктік өкпе 
сыйымдылығының 25-75% аралығындағы ауа ағымының көлемдік 
жылдамдығы (FEF
25-75%
) - азаяды. Бұл кезде өкпеде қалдық 
ауа көлемі (RV) және онымен толық өкпе сыйымдылығының 
арақатынасы (RV/TLC) көбейеді (- кесте).
Рестрикциялық гиповентиляция кезінде: 
♣ толық өкпе сыйымдылығы (TLC); 
♣ тіршіліктік өкпе сыйымдылығы (VC) қатты азаяды. 
Бұл кезде FEV
1c
/FVC% мен FEF
25-75%
өзгермейді (- кесте). 
- кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет