Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет552/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

бастапқы 
сатысында 
(бірнеше 
сағаттан 
бірнеше 
тәулікке дейін) бүйрек қызметінің бұзылыстары байқалмайды. 
Бұл кезде бүйрек қазметінің жеткіліксіздігін туындатқан 
негізгі аурудың белгілері басым болады. Қан айналымының 
бұзылыстары байқалады; 
● 
олигоанурия 
сатысында 
(екі 
аптадай 
мерзімде) 
тәулігіне зәрдің шығарылуы 500 мл-ден аспайды. Бір-екі 
тәуліктен кейін олигурия ануриямен ауысып, тәулігіне бар-
жоғы 50-100 мл несеп шығарылады; 
Олигоурия мына себептерден дамуы мүмкін: 
♣ бүйрек ишемиясы кезінде шумақ қылтамырларында қан 
қысымының төмендеуі несептің сүзілуін азайтады; 
♣ бүйректің милық қабатында қанайналым азайғандықтан 
онда осмостық қысымды көтерегін заттар жиналып қалады. 
Сондықтан нефрон шумақтарында сүзілген алғашқы несеп 
бүйректің аралық тіндеріне сіңіріліп кетеді; 
♣ эпителий жасушаларының ісінуі, жартылай ыдыраған 
жасушалардың 
сыдырылуы, 
ісінген 
аралық 
тіндер 
мен 
өзекшелердің қысылып қалуы, олардың ішінде миоглобин
гемоглобин, дәрі-дәрмектердің кристалдарының тұнуы т.с.с. 
себептерден нефрон өзекшелерінің бітелуі несеп шығарылуын 
азайтады. 
Бұл кезде бүйректің қоюландыру және сұйылту қабілеті 
мүлде жоғалады, изостенурия дамиды. Несептің меншікті 
тығыздығы қан плазмасының тығыздығымен теңеліп, 1010-1012 
мөлшерінде тұрақты сақталады (изостенурия дамиды). Несепте 
нәруыздар, цилиндрлер, лейкоциттер және эритроциттер пайда 
болады. 
БЖЖ олиго-анурия сатысында қанда азот өнімдерінің 
деңгейі көтеріледі: олардың жалпы қалдығы 200-300 ммоль/л, 
зәрнәсіл 120-150 ммоль/л, креатинин 1,2-1,7 ммоль/л, зәр 
қышқылы 2-3 ммоль/л дейін көтерілуі мүмкін. Сонымен бірге, 
қанда фенол, индол, скатол, гуанидин т.б. өнімдер 
көбейеді. Содан уремия (зәрліқан) дамып, 5-7 күн ішінде 
уремиялық кома дамуына әкеледі. Бүйректің несеп шығару 
қабілеті төмендеуі организмде су мен тұздардың жиналып 
қалуына әкеледі. Осыдан қанда калийдің, магнийдің деңгейі 
көтеріледі. 
Гиперкалиемияның 
нәтижесінде 
жүректің 
аритмиялары (экстрасистолия, блокадалар), оның кенеттен 


656
тоқтап қалу мүмкіншіліктері пайда болады. Натрий, хлор, 
кальций қаннан тін жасушаларына тез ауысуы, сондықтан 
олардың қандағы деңгейі жоғарыламай, керісінше төмендеуі 
мүмкін. 
Қанда 
кальцийдің 
деңгейі 
төмендеуі 
сіңір 
тартылуларына, тырыспа, сіреспе дамуларына әкеледі. 
Натрий мен хлор тіндерге жиналуына байланысты олар 
ісінеді. Сульфат, фосфат аниондарының қанда жиналып 
қалуынан метоболизмдік ацидоз дамиды. Бұған басқа зат 
алмасу өнімдерінің жиналып қалуы мен бүйректе аммонийгенез 
бен ацидогенездің бұзылыстары өздерінің үлесін қосады. 
Организмде судың артық жиналып қалуынан өкпе мен мидың 
ісінулері байқалады. Осыдан қатты бас ауыруы, көңіл-күйдің 
тұнжырауы, жандүниелік бұзылыстар, сана-сезімінің жоғалуы, 
естен тану, Кумсауль тынысы т.с.с. ауру әйгіленімдері 
байқалады. Осы көрсетілгендердің нәтижесінде уремиялық 
кома дамуы мүмкін. 
● д


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет