390
адамдарда Т-жасушалық лимфолейкоз вирустың ықпалынан
туындайды. Бұл вирусты HTLV-1 (human Т-leukemia virus
-
адамның Т-лейкозының вирусы) деп атайды. Т-жасушалық
лимфолейкозбен ауырған адамдардың қанында осы вирусқа
қарсы
антиденелердің
болуы
көрсетілген
пікірдің
дұрыстығын дәлелдейді.
ДНҚ-нан
тұратын
өспе
туындататын
вирустар
ДНҚ-
онковирустар деп аталады. Бұл вирустардың әсерлерінен:
● қояндарда Шоуп папилломасы;
● тышқандардың полиомасы;
● маймылдардың көпіршікті өспесі; Бұл үш түрлі
өспелердің
вирустары
Папова
(папилома,
полиома,
вакуольдейтін вирустар деген атаусөздерден алынған термин)
тобына жатқызылатын вирустар делінеді.
●
адамдарда папиллома, кандилома, Беркитт лимфомасы
● В-гепатитінің вирусы, әсіресе афлотоксинмен бірігіп,
әсер еткенде бауыр карциномасы т.с.с. дамиды.
Адамда кездесетін герпесвирустар (герпес - ұшық) ДНҚ-
онковирустарға жатады. Олардың ішінде Эпштейн-Барр вирусы
(ЭБВ) сау адамдардың жұтқыншақ-көмейлерінің шайындысында
жиі кездеседі. 70-80% адамдардың қанында бұл вирусқа қарсы
антиденелер анықталады. Адамның
В-лимфоциттерінің сыртқы
беттерінде
Эпштейн-Барр
вирусын
байланыстыратын
рецепторлар
бар.
Осы
байланыстың
нәтижесінде
В-
лимфоциттерінің жас лимфобластық түріне айналуы және
инфекциялық мононуклеоз дамуы мүмкін. Орталық Африка
мемлекеттері тұрғындарының балаларында Беркитт лимфо-масы
жиі дамиды. Бұл өспеден ЭБВ бөлініп алынады және ол
организмнен тыс жағдайларда сау жасушаны өспе жасушасына
айналдыратыны дәлелденген.
Қарапайым герпесвирустыи 2-түрі жыныстық қатынастармен
беріледі және әйелдердің жатыр ернеуінде обыр дамуын
туындатуы мүмкін.
Герпесвирустардың тағы бір түрі
цитомегаловирус кең
тараған жұқпа. Соған қарамай ол қалыпты жағдайда ауру
туындатпайды. Бірақ, организмде иммундық тапшылықты жағдай
дамыса, көптеген ағзалардың бүліністеріне әкеліп, Капоши
саркомасы дамуына себеп болады.
Вирустардың
дерттілік
күші
бір
жағынан
олардың
штаммасына, мөлшеріне, организмге ену жолына, екінші
жағынан қабылдайтын организмнің (реципиенттің) жасына,
тектік,
иммундық,
гормондық
т.с.с.
жағдайларына
байланысты
болады.
Мәселен,
құстардың
эритробластоз
вирусын көктамырға енгізгенде лейкоз дамуына әкелсе, тері
астына енгізгенде саркома дамытады.
Раус вирусы тауық
балапандарында тез өсетін, метастаза тарататын саркома,
391
ал кәрі тауықтарда баяу өсетін өспелерді туындатады.
Өспе туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді:
● бірінші сатысында жасуша ішіне еніп, онда ДНҚ
молекуласымен
бірігіп
кетеді
де,
жасушаның
тектік
ақпаратын өзгертеді;
● екінші сатысында өзгерген тектік ақпарат бойынша
онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады;
● үшінші сатысында онконәруыздар
жасушаның шексіз
бөлініп көбеюін арттырып, өспе жасушасына айналдырады.
Өспе
өсуіне
әкелетін
биологиялық
факторларға,
келтірілген
вирустармен
қатар,
He-licobacter
Pylori
бактериясын жатқызуға болады.
Осы көрсетілгендермен бірге өспе өсуіне әкелетін
көптеген қауіп-қатерлі ықпалдарды ажыратады. Оларға:
● зиянды әдеттер:
♣ темекі шегу;
♣ маскүнемдік;
♣ насыбай ату;
♣
бейберекет
жыныстық
қатынастарда
болу
(промискуитет);
● тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу, ысталған
тамақты артық пайдалану,
тағамда витаминдер, қанықпаған
май қышқылдары жетіспеуі т.т.);
● қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш
сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады.
Өспенің пайда болуы немесе болмауы көпшілік жағдайда
организмнің,
ең
алдымен
реттеуші
жүйелерінің
жағдайларымен, оның даралық реактивтілігімен өте тагыз
байланысты.
Өспе
дамуында
жүйкелік-эндокриндік
және
иммундық жүйелердің маңызы өте үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: