464
тежеғіші үлкен физиологиялық орын алады. Ол α
2
-
глобулинге жатады. Сонымен бірге антитромбопластиндер (III
ф. - ҮII ф. тежегіштері) антикоагулянттарға жатады.
Қан ұюының 2-сатысының тежегіштеріне антитромбин III
(α
2
- глобулин) жатады. Ол бауырда, қан тамырларының
эндотелий жасушаларында өндіріледі де, тромбинді ғана
емес, плазмалық протромбиназаны (Х ф.), тромбопластиннің
плазмалық бөлшегін (IX ф.), тромбопластиннің плазмалық
құрушысын (XI ф.), Хагеман факторын (ХII ф.) және
калликреинді тежейді. Антитромбин III гепариннің кофакторы
болады, олардың өзара әсері бір-бірінің антикоагулянттық
қасиетін күшейтеді.
Сонымен бірге, тромбиннің белсенділігін С және S-
нәруыздары бөгейді. Олар К-витаминінің қатысуымен бауырда
түзіледі. Тромбин эндотелий жасушаларының сыртқы бетінде
жабысқан тромбомодулинмен байланысып, қандағы С-нәруызын
әсерлендіреді. Бұл әсерленген С-нәруызы қандағы S-
нәруызымен
қосылып,
кешен
құрады
да,
белсенділігі
көтерілген қан ұю факторларын (ҮII ф, V ф.) ыдыратады және
оларды қан сұйығынан аластайды.
Бүгінгі күні ұюдың 3-сатысының тежегіштерінің алдын-
ала болуы белгісіз. Бірақ қан ұюында және фибринолиз
кезінде көптеген прокоагулянттар артынан антикоагулянттық
қасиет қабылдайды. Мәселен, фибрин түйіндерінің сыртқы
бетімен тромбинді жұтып алудың нәтижесінде ары қарай
фибриннің
қалыптасуы
тежеледі.
Сондықтанда
фибринді
антитромбин
1
деп
атайды.
Тромбиннің
әсерінен
фибриногеннен
ажыратылып
альшған
пептидтердің
антикоагулянттық қасиеті болады.
Үюдың барлық сатыларында өзіндік тежелу байқалады,
әрбір факторлар алдымен прокоагулянттар бола алса, кейін
антикоагулянтқа айналады. Мәселен, тромбин протромбиннен
плазмалық протромбиназаның (X ф.), проакцелериннің (V ф.)
тежегіштерін бөліп алады да, ұюға қатысқаннан кейін
протромбиннің тромбинге ауысуын тежей бастайды. Фибриноген
мен
фибриннің
ферменттік
ыдырау
туындыларының
антикоагулянттық қасиеттері бар. Олар тромбиндік уақытты
ұзартады,
фибрин-мономерлермен
немесе
фибриногенмен
қосылып, фибриннің пайда болуына бөгет жасайды. Сонымен
бірге
гепариннің
прокоагулянттармен
және
плазминмен
байланыстары да антикоагулянттық әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: