478
факторды әсерлендіретін ферменттер босап, қан ұюын
арттырады және кейбір өспелер кездерінде фибринолиз үрдісі
төмендеп кетеді;
●
қан
аурулары
(миелопролиферациялық
бұзылыстар,
миелодисплазиялық
синдромдар,
гемолиздік
анемиялар,
ұстамалы
түнгі
гемоглобинуриялар)
кездерінде
тромбэмболиялар
жиі
кездеседі;
Миелопролиферациялық
бұзылыстар қанның тұтқырлығын арттырып, тромбоциттерді
әсерлендіреді, эндотелий жасушаларын бүлдіріп, қан ұюын
арттырады, тромбоз дамытады; ұстамалы түнгі гемоглобинурия
кезінде бауыр мен төменгі қуыс веналарда, қақпа және
шажырқай
көктамырларында
тромбоз
жиі
дамиды;
Эритроциттердің
гемолизі
кезінде
босаған
АДФ
тромбоциттердің агрегациясын күшейтеді. Осыдан көктамырлар
мен артерияларда тромбоздар дамуына қолайлы жағдай пайда
болады;
● нефроздық синдром кезінде несеппен антитромбин III
көптеп шығарылады, қан тамырларының қабырғалары бүлінеді,
тромбоциттердің белсенділігі артады;
●
ішектердің
қабынуы
кездерінде
эндотелий
жасушаларының
бүліністері
қан
ұюын
арттырып,
тромбоциттердің
белсенділігін
күшейтеді,
антикоагулянттардың мөлшерін азайтады;
● дәрі-дәрмектердің әсерлерінен, мәселен, ішке бала
бітірмейтін дәрілерді (контрацепциялық антибиотиктерді)
ұзақ қабылдағанда тромбоциттердің агрегациясы ұлғаяды,
қанда антикоагулянт антитромбин III азаяды. Тромбозды
емдеу
үшін
қолданылатын
гепарин
мен
фибринолиздік
дәрілерді ұзақ пайдаланғаннан кейін бірден тоқтатса
гиперкоагуляция дамуы мүмкін. Өйткені сырттан енгізілген
гепарин қан плазмасында антитромбин III-тің азаюына
әкеледі, фибринолиздік дәрілер - плазминогеннің деңгейін
төмендетеді; эстрогендермен ұзақ емдеу кездерінде II, VII,
VIII, IX, X I қан ұю факторларының түзілуі артады,
фибринолиз төмендейді, антитромбин III –тің белсенділігі
азаяды, эндотелий жасушалары бүлінеді; содан тромбоздар
дамиды;
● қанда антифосфолипидтік антидене немесе жегілік
антикоагулянт болғанда.
Достарыңызбен бөлісу: