Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет524/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   520   521   522   523   524   525   526   527   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

церебралдық (милық)
құсу -
бас сүйегі ішінде қысым 
көтерілуі, уремия, менингит, энцефалит кездерінде; 
● 
рефлекстік құсу
- асқазандағы жүйке аяқшаларының 
химиялық заттармен (сапасы нашар тамақпен, улы заттармен), 
механикалық ықпалдармен (асқазанның тым артық керілуінен) 
қоздырылуынан болады. Құсуды ас қорыту жолдарының басқа 
бөліктерінде немесе басқа ағзаларда (бауыр, бүйрек, жатыр) 
пайда болған рефлекстер де туындатады; 
● 
шартты рефлекстік құсу
- жағымсыз иіске немесе басқа 
шартты белгілерге пайда болуы мүмкін. Маскүнемдерді емдеу 
үшін 
құстыратын 
дәрі 
апоморфинді 
белгілі 
шартты 
белгілермен қабаттастырып енгізеді. 
Құсудың қорғаныстық маңызы бар. Ол сапасы төмен 
тамақтан 
немесе 
улы 
заттардан 
асқазанды 
тазартуға 
бағытталған. 
Сонымен 
бірге, 
асқорыту 
жолдарының 
бітелістері 
кездерінде, ішек қабырғаларының өзгерістерінде, асқазанның 
ойық жарасы тесіліп кеткенде, жіті аппендицит, миокард 
инфаркты, бүйрек-тас ауруы кездерінеде құсу дамиды. 
Асқазанның ойық жарасы нәтижесінде қарын қақпашысының және 
ұлтабардың тарылуы құсуға жиі әкеледі. Қорытылмаған 
тағаммен құсу асқазанның пилорустық бөлігінің тарылуын 
немесе 
бітелуін 
көрсетеді. 
Құсықта 
запыран 
болуы 


627
ұлтабардың 
немесе 
ашішектің 
бастапқы 
бөліктерінің 
бітелуіне немесе тарылуына тән құбылыс. Ішектің төменгі 
бөліктері бітелгенде құсықта нәжіс пайда болады. 
Ұзақ толастамайтын құсу: 
♣ судың, хлоридтердің құсықпен көптеп шығарылуынан 
организмнің сусыздануына; 
♣ Н
+
иондарының көптеп шығарылуынан және организмде 
гидрокарбонат анионы көптеп жиналуынан газдық емесе 
алкалоз дамуына; 
♣ организмнің қатты жүдеуіне; 
♣ 
ұзақ 
қышқыл 
өнімдердің 
әсерлерінен 
тіс 
кіреукесінің жұқаруына; 
♣ 
құсу 
кезінде 
кеуде 
қуысында 
қысымның 
тез 
көтерілуінен бет пен мойын терісінің қызаруына; 
♣ асқазан мен өңештің механикалық бүліністеріне - 
әкеледі. 
Іш қатуы.
Ішектердің қимылдық әрекетерінің әлсіреуі өте жеңіл 
ыдыратылатын тағамды көп қабылдағанда, кезбе жүйкенің 
қозымдылығы төмендегенде, ұлтабарға өт аз түскенде, 
ішектерде 
серотонин, 
мотилин, 
вазобелсенді 
ішек 
пептидтерінің 
аз 
өндірілгенінде 
т.б. 
жағдайларда 
байқалады. Осыдан іш қатуы дамиды. Іш қатуы ішектердің 
кейбір бөліктерінің қатты жиырылып қалуынан (спазмдық іш 
қату) немесе ішектердің жиырылуға қабілеті жоғалуынан 
(атониялық іш қату) дамуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   520   521   522   523   524   525   526   527   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет