687
дамиды. Сол себептен улы заттардың әсерлері жүйке
жасушаларының қызметі көтерілуімен немесе гипоксиямен
қабаттасқанда оның бұзылыстары өте қатты болады.
Жоғарыда көрсетілген себепкер ықпалдардың әсерлері
олардың қарқынынан және әсер ету ұзақтығына байланысты
болады. Кейде әлсіз әсерлер ұзақ мерзім әсер еткенде жүйке
жүйесінде қомақты өзгерістер дамуы мүмкін. Бұл кезде
ұзаққа созылған әсерлердің жиынтық өлшемі (дозасы) сол
ықпалдың бір рет әсер еткен өлшемінен кем болады. Мәселен,
жануарларда сіреспе (столбняк) ауруын алу үшін бір рет
енгізілетін уыттың мөлшерінен бөлшектеп бірнеше күн
енгізілгендегі жиынтық мөлшері аздау болатыны байқалған.
Бұл заңдылықты
Достарыңызбен бөлісу: