Қазіргі кезде протез базисі пластмассадан жасалып жүр, бірақ эпилепсия, бруксизм сияқты аурулар пластмассалы негіздің жиі сынуына және олардың аллергиялық, токсикалық әсерлерінің болуы, негізді металд
Қазіргі кезде протез базисі пластмассадан жасалып жүр, бірақ эпилепсия, бруксизм сияқты аурулар пластмассалы негіздің жиі сынуына және олардың аллергиялық, токсикалық әсерлерінің болуы, негізді металдан даярлауға мәжбүр етуде.

Протез шекаралары
Жоғарғы жақ сүйекте протез негізінің шекарасы тіссіз альвеолярлы өсіндінің ұрт пен ерін жағынан, олардьщ ерін тартпаларын айналып, өтпелі қатпар бойымен өтеді. Протездің жақсы ұсталып тұруы үшін, жоғарғы жақ сүйек төмпешіктері міндетті түрде негізбен жабылады. Алдыңғы тістер аумағында протез шеті олардың мойындарының үстінен өтеді. Премолярлар мен молярлар аумағында шекара тіс экваторынан төмен орналасады.
Төменгі жақ сүйекте протез шекарасы ұрт тартпаларын, ерін мен тіл үзеңгілерін айналып өтіп, тіссіз альвеолярлы өсіндінің аумағында өту қатпары бойымен өтеді. Алдыңғы табиғи тістер аумағында тістердің тіл төмпешіктерін жауып тұрады, ал бүйір тістер аумағында шекара тіс экваторынан біршама жоғары өтеді.

Протез негізінің көлемі сақталған тістер санына, анатомиялық ретенциялардың айқындығына, шырышты қабаттың басымдылық дәрежесіне, бекіту тәсіліне және т.б. факторларға байланысты болады. Жақ сүйекте сақталған табиғи тістер саны неғұрылым аз болса, протез негізінің ауданы соғұрлым үлкен болады.