Бүгінгі күннің жағдайы туралы мәлімет жинап, ең басты шынайы мұқтаждықтарды табу қажет. Ең алдымен, бағдарлама өз жұмысын бастамас бұрын сол аймақтағы қажеттіліктердің жағдайын сипаттау керек. Бұл жоба аяқталғанда оның арқасында жағдай қаншалықты өзгергенін бағалай алу үшін қажет. Жоба бағытталған адамдардың қолдауынсыз еш нәрсе істемеңіз. Бұл жобаға сол адамдардың өздері қызығушылық танытуға тиіс. Осы аймақта жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың тәжірибесін ескеріңіз, бәрін қайтадан басынан бастағанша, бар нәрсені жалғастыра беріңіз. Осы сатыда мынадай сұрақтар қойған дұрыс:
Қандай мұқтаждықтарды таптыңыз және оларды қандай адамдардан таптыңыз? Бұл мұқтаждықтар неліктен пайда болған?
Бұл мұқтаждықтарды АҚТҚ-ны жұқтырып алған науқастар қалай білдіреді? Олар нені өзгертуді қалайды?
Науқастар қандай ресурстардан көмек ала алады?
Қауым адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруды қалай ма және олар мәсіхшілік құндылықтарға қаншалықты сай келеді?
Осы аймақта басқа да жобалар мен ұйымдар не істеуде? Олардың тәжірибесі қандай? Жаңа жоба ресурстардың үнемсіз шығындалуына әкеліп соқтырмай ма?
Тиімділікті арттыру үшін сол жобалармен бірігіп жұмыс істеуге бола ма?
Мұқтаждықтар мен жағдайды анық сипаттау дұрыс әрі сол жағдайға лайықты жоба жасауға көмектеседі