Әйелдер де мүшеқап іспетті сақтандырғышты қолдана алады Қазір мүшеқаптың жаңа түрі бар. Ол кәдімгі мүшеқаптың материалынан жасалынады, бірақ әйелдің ішкі ағзасында орнықты тұруы үшін арнайы құрылыммен нығайтылған. Бұндай сақтандырғыш қосымша қорғаныш жасайды. Мәселе әйел мен еркек жыныстық қатынасқа түскенде, бұл жұқа резеңке кімнің қолданғанына қарамастан, әйел ме, әлде еркек пе, бәрібір, орнынан шығып немесе жыртылып кетуі мүмкін. Бәрі де болуы мүмкін, бірақ ешбір адам бұны әбден кеш болмайынша байқамайды. Бұйым неғұрлым тығыз әрі қалың болса, адамдар соғұрлым оны пайдалануды құп көрмейді. Екеуіне де көрінбейтін әрі білінбейтін мінсіз сақтандырғыш жоқ, дегенмен, кейбіреулердің айтуынша, әйелдердің сақтандырғышы мінсіздікке жақын, бұған қоса оны көп рет қолдануға болады. Дүние жүзі бойынша олардың 35 миллионы сатылған.